Жерлесіміз ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко кәсіби рингте кезекті жекпе-жегін өткізді.
Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel қонақ үйінінің аренасында өткен бокс кешінде Дычко америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта шалқасынан түсірді.
Бұл жерлесіміздің кәсіби рингтегі осымен 5-ші жеңісі. Ал америкалық боксшы кәсіби екі жекпе-жегінде алғаш жеңіліс тапты.