Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі салынған шабадан көрсетілді

189

1952 жылы жасалған шабаданның ұзындығы 72 см, ені 46 см болады. Ол Қарауыл ауылының тұрғыны Кенжетілеу Доланбековке тиесілі болған.

Тарихтан белгілі, 1931 жылы жендеттер Шәкәрім Құдайбердіұлыны атып өлтіріп, мүрдесін құдыққа тастаған. Арада 30 жыл өткеннен кейін ақынның ұлы Ахат Құдайбердиев әкесінің сүйегін құдықтан шығарып алып, сол шабаданға салып, Жидебайға алып барған. Ол әкесін сол жерде жерлеген еді.

Сол уақыттан бері шабадан Доланбековтер әулетінде сақталыпты. Ендігі олар құнды жәдігерді мұражайға тапсыруды ұйғарған.

«Келуші қонақтар үшін шамадан  Шәкәрім залында тұратын болады. Біз қысқаша қазақ, орыс және ағылшын тілінде аннотациясын беретін боламыз», – дейді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық- мұражайының аға ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз