Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Шәйдан байып кеткім келді”. Жігіттер тобының әншісі жеке кәсібін ашқан ба?

“Бір жігіттің ұсынысымен шай өндірісін бастадық. Адам пенде, бір байып қалғысы келеді. Жалпы кәсіпкердің бәрі оңай байып жатқан сияқты көрінеді ғой. Солай байып көреміз деп аштық, бір жылдай істедік. Соңғы жағында менің ісім емес екенін түсіндім. Өйткені менің ойым басқада болды. Өнерімнің қалып бара жатқанын түсіндім және де отбасыма уақыт бөле алмай қалдым. Әйелім де: «Уақытыңыз жоқ боп кетті. Үйде тұрмай кеттіңіз ғой», – деп айтты. Соңында бұл нәрсені істемей-ақ қояйын деп шештім. Алла өзі маған іс нәсіп қылар болашақта. Бірақ шай емес екен деп, рахметімді айтып, ол жерден кеттім”, – дейді Айдар Тұрғанбек.

Әншінің айтуынша, шайға деген сұраныс жоғары болған. Себебі шайдың ең сапалысын таңдадық дейді ол.

“Ең бастысы, сапалы шайларды алдырып істедік. Халықты алдамайықшы дедім. Өйткені қиянат қой. Сондықтан бір алған адам қайта-қайта сұрай берді”, – деді әнші ағынан жарылып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз