Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шахизада баласының ажырасуы жайлы: “Мен келінімді еркелетіп жібердім”

784

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың екі баласы бар, олар әжесімен жақсы қарым-қатынаста. Шахизада немерелерінің өміріне белсенді қатысады және бұрынғы келінімен ара-қатынасы жақсы.

“Бұрынғы келінімнің өзі де айтты: “Мені қатты еркелетіп жібердіңіз” деді. Еркелетсем мен жақсы көргеннен еркелеттім. Бірінші кездегі қателікті қазір енді жасамаймын. Қазір келінді келіндей жұмсайын деп отырмын. Келін өзінің келін екенін білу керек. Енесі бар екенін білу керек”, – дейді әнші “Ревю”бағдарламасында.

Әншінің ұлы Олжас ажырасқанына жыл өтпей жатып басқа қызды үйіне кіргізіп, некелесіп алған. Шахизаданың айтуынша, жаңа келін әлі жас және енесіне үлкен құрметпен қарайтын көрінеді. Әртіс оған көп нәрсе үйретуге тура келгенін жоққа шығармады.

“Менің екінші келінім өте жас, көп нәрсені білмейді. Маған жақсы қарайды, ана деп атайды. Мен оған әділ қарауға тырысамын және өзім білетіннің бәрін оған үйретпекпін”, — деді әнші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз