Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
494
+1.68
EUR
520
-3.35
RUB
4.97
-0.03

Шаханов айтып тастады. Наурызды тойлауға кімнің қарсы шыққанын білесіз бе?

177

Ұлыстың ұлы күнін қайта тірілтуге Мұхтар Шаханов бастаған бір топ ұлт зиялылары ұйытқы болып, біраз тер төкті. Ал олардың бастамасына сол кезде Министрлер кеңесіне төрағалық еткен қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақ халқының ұлттық мәдениеті, ана тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңаруына үлес қосқан мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков қолдау көрсетті.

https://kaz.365info.kz/meruert-t-sipbaeva-s-jiktisini-suretin-zhariyalady-el-ony-atyshuly-yry-baev-a-satty-foto-246759

 

“1926 жылы Кеңес одағы кезінде «ислам дінінің қалдығы» деген желеумен Наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде тойлауға тыйым салынды. Содан, алпыс екі жыл бойы әр жанұя бұл мерекені өзінше тойлап келді. Бірақ үлкен деңгейде аталған жоқ.

1988 жылы мен Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Колбинге хат жазып, Наурыз мерекесін қайта тірілтуді сұрадым

 — деп еске алады Мұхтар Шаханов. 

Содан оның хатын Колбин Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бюросында қарайды. Бірақ бюрода Наурыз мейрамын қайта тойлау ұсынысын екі-ақ адам қолдаған. Оның бірі — Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің идеологиялық хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков. Қалған бюро мүшелерінің барлығы қарсы шығыпты.

https://kaz.365info.kz/smanov-adamdy-shoshytpa-atyshuly-dindardyn-ne-degenin-bilesiz-be-273893

 

“Содан Колбин мені шақырып алып, «Наурызды тойлай алмайтын болдық» деп айтты. Сол кезде мен Колбинге:

“Наурыз мерекесі төңірегінде өте үлкен мәселелер бар. Наурыз мейрамын бүкіл түркі тілдес халықтар үш мың жылдан бері тойлап келе жатыр. Наурыз біз үшін жаңа жыл болып есептеледі. Жұрттың барлығы көшеге шығып, ағаш отырғызуы керек. Содан кейін өкпе-реніші болса кешіріп, кінәлі адамдар кешірім сұрауы қажет.

 

https://kaz.365info.kz/tyngyshbaj-men-toregalidi-tiridej-komdik-khazakh-khajda-barasyn-296829

Жалпы, бұл мейрам адамды жаңа биікке көтереді, тазалыққа баулиды. Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың барлығын маскүнемдер, нашақорлар, бұзақылар деп атадыңыздар. Компартия орталық комитетінің саяси бюросы бүкіл қазақ халқын қаралады. Ерте ме, кеш пе шындық орнына келеді. Сізге де бүкіл халық жылан көргендей жиырыла қарайды.

Егер сіз Наурыз мерекесін тірілтіп берсеңіз, бүкіл қазақ сізге басқаша көзбен қарайтын болады

деп едім, Колбиннің көзі жайнап кетті.

“Ендеше, мен

Горбачевті қалай болғанда да көндіремін, Наурыз мерекесін тойлайық”, деді ,

 — деп әңгімеледі ақын ағамыз. 

Сөйтіп, 1988 жылы қазақтың өшкені жанып, Наурыз мейрамы тұңғыш рет Алматының Максим Горький атындағы орталық саябағында кең ауқымда тойланады. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жүз мыңнан астам халық жиналған. Осы жылы ұлттық мейрамын сағынған халық Наурызды қыркүйек айының ортасына дейін тойлаған.

“Наурыз мерекесін Алматыда үлкен деңгейде өткіздік. Ұлттық киім киген адамдарды көшемен жүргіздік. Тіпті, түйелермен жүргіздік. Жиырма-отыз түйе алдырдық. Ұлттық ойындар ойналды, ұлттық салт-дәстүрлер паш етілді.

Осылайша, үлкен деңгейде мереке болды. Іле-шала елдегі өндіріс орындары, мектептер, жоғарғы оқу орындары, тіпті ауруханаларға дейін тойлады.

Міне, Кеңес одағының қылышынан қан тамып тұрған күннің өзінде Наурыз мерекесін осылай бүкілхалықтық деңгейде тойлауға мүмкіндік алып беріп едім„

— деді ол.

https://kaz.365info.kz/m-htar-shahanovty-tu-an-pkesi-arttar-jinde-t-rady-243722

Келесі жылы Наурыз мейрамын Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан республикалары мен Ресейдің құрамындағы түркітілдес ұлттар мемлекеттік деңгейде тойлаған.  Ұлт жанашырының айтуынша, осындай қиыншылықтармен қазаққа оралған Наурыз мейрамы бүгінде, тәуелсіз күні, өкінішке қарай, өз деңгейінде атап өтілмей келеді.

Бұл жағдайға басқаша көзқараспен қарап, Наурыз мерекесін адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын рухани күш, рухани парасат деңгейінде тойлау қажет.

“Қазір тек қана концерт қояды, әншілер бірінен соң бірі жеңіл әндерді айтады. Сонымен Наурыз бітті. Сондықтан Наурызға біз басқаша көзбен, басқаша ниетпен қарауымыз керек. Болашақта биліктегі адамдарды көндіруіміз керек,  үлкен деңгейде өткізу біздің елдік, ұлттық салтымыз болуы қажет.

Наурызда біздің елдік, ұлттық мүдделеріміз, салт-дәстүріміз, салт-санамыз алға шығуы тиіс.

Осы қасиеттер алға шығуы керек”, — дейді қоғам қайраткері.

https://kaz.365info.kz/elimizdegi-atyshuly-ylmyskerlerdi-to-aldary-alaj-mir-s-rude-239605

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз