Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Апатты ұшақты сәтті қондырған экипаж мүшелері де марапатталды

123

II дәрежелі “Айбын” ордені Fokker-100 әуе кемесінің екінші ұшқышы Вадим Смеречанскиге табыс етілді. “Ерлігі үшін” медалі әуе кемесінің борт серіктері Рустам Ибрагимов, Жадыра Мударисова және Александр Шестаковқа берілді. Бұл – шассисіз таңғажайып жағдайда апатты ұшақты жерге қондырған ұшақтың қаһарман экипаждары. ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев экипаж шеберлігін еліміздің атаулы күнінде тағы бір мадақтап, оларға шексіз алғысын білдірді.

Ал кеше осы ұшақ экипажының командирі Дмитрий Родин Ақордада Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Халық қаһарманы” атағын және Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алған еді.

27 мамырда Астанада “Бек Эйр” әуе компаниясының ұшағы жерге апатты жағдайда қонған болатын. Тура қону жолағына жақындаған сәтте алдыңғы шассиі ашылмай қалған ұшақты экипаж сәтті қондырып, жүздеген адамның өмірін аман сақтап қалған еді. Борттағы 121 адамның ешқайсы да зардап шекпеген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз