Бір кезгі депутат, ал қазір әлеуметтік желідегі белсендінің бірі Тәңірберген Бердіоңғаров қыздардан жалаңаш суреттерін әлеуметтік желіге жарияламауын сұрапты.
«Қыздар, сендерге айтарым жалаңаш, жартылай суреттеріңді желіге жүктеудің түкте керегі жоқ. Неге, білесіз бе? Себебі, бұл сурет сіздің күйеуіңіздің, балаңыздың, тіпті немереңіздің есінде қалады. Иә, өздеріңді көрсетіп қалғыларың келеді, білем. Бірақ, бұл тарапта бір ақыл айтайын. Бойдақ кезінде жалаңаш қыздарға қызығып жүрген жолдастарымның ешбірінің әйелі ондай қыздардың қатарынан емес. Солай. Достарым жалаңаш қыздармен тек қана көңіл көтеретінін айтады. Сосын тастап кете барады. Сондықтан да не себепті сендерді күйеуге алмайтындарына таңғалмаңдар. Асқан сұлулықтың өзінің шегі бар ғой»
– деп жазыпты Бердіоңғаров өзінің желідегі парақшасында.
Айта кетсек, экс-депутат Бердіоңғаров жұбайымен екі бала тәрбиелеп отыр.