Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сенаторлар ауылшаруашылығының құлдырауының себебін айтты

156

Ауылшаруашылығы техникасының 80%-ы тозған, оның басым бөлігі 15 және одан да көп жыл бойы қызмет еткен деп сенаторлар тобы премьер-министр Асқар Маминнің атына сауал жолдады.

Агроөнеркәсіп мемлекеттік бағдарламаларда салынған соманы да толығымен ала алмайды. Ал Үкімет ауылға үлкен міндеттер қойып отыр. Бірақ көрсетілген көмектің түрі осы болса,  оларды орындау мүмкін емес.

Шешілмеген мәселе өте көп

Премьер-министрге жолдаған сауалдың басында авторлар отандық агроөнеркәсіптің жағдайын қысқаша суреттеді.

— Ауылшаруашылығы көптеген мемлекеттер экономикасының жетекші салаларының бірі  және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады, — делінген құжатта.

Қазір малшаруашылығы саласын (барлық саласын — ет өнімінен сүтке дейін) көтеру міндеті тұр. Жеке шаруашылықтарды қолдау, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді шешу қажет.

— 2018 жылдың 12 шілдесінде 2017—2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол барлық министрліктермен, соның ішінде Ұлттық экономика және Қаржы министрлігімен келісілді, — деп еске салды депутаттар.

Бірақ кейіннен барлығы ойға алғандай болмады.

Агроөнеркәсіп 2018 жылы қажетті 454,2 млрд теңгенің 342 млрд алды

Ал 2019 жылы жоспарлы 507,6 млрд теңгенің 422 миллиарды ғана жетті. Нәтижесінде орындау керек 40 көрсеткіштің тек 25-і жүзеге асырылды.

— Жалпы алғанда, экономиканың ең күрделі салаларының біріне бір облыстың бюджеті көлеміндегі қаржы ғана бөлінеді, — деп атап өтті авторлар.

Сондай-ақ, депутаттар бағдарламаны жүзеге асыруда ұжымдық жауапкершілік жоқ екенін атап өтті. Барлығы ауылшаруашылығы министрлігін  айыптап, қалғандары сырттан бақылап қана отыр. Бұған дейінгі  АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында да осыған ұқсас жағдай болды.

Егер тапсырма беретін болсаңдар, соған қажетті ақша да беріңдер

АӨК дамыту мәселелері бойынша Республикалық кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев былай деп мәлімдеді:

«АӨК-дегі еңбек өнімділігі мәз емес, бір адамға 5 мың АҚШ долларынан келеді. Ол тіпті кеден одағы бойынша көршілермен салыстыруға да келмейді. Ресейде  18,4 мың АҚШ долларын, Беларусьте 33,5 мың АҚШ долларын құрайды. 2022 жылға қарай біз Еңбек өнімділігі мен экспортты 2,5 есеге арттыруға тиіспіз».

Сондай-ақ, сенаторлар ауылшаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы  есептеріне сілтеме жасады.

Техниканың 80% тозған, 70% 15 және одан да көп жыл қызмет еткен

— Егер Үкімет ауыл еңбеккерлерінің алдына үлкен міндеттер қойса, тиісінше қаржылық қамтамасыз ету болуы тиіс деп есептейміз.  Еуразиялық экономикалық одақ бойынша жақын көршілердің деңгейіне дейін жеткізіп,

Ресейде қолдау деңгейі ЖІӨ-нің 6,3%, Беларусьте — 8,1%, Қазақстанда — 5%,

техниканы жаңартуға инвестициялық субсидиялауды 50%-ға дейін ұлғайтып, тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етіп, 70%-ға дейін субсидиялай отырып, қажетті нәтижелерге қол жеткізе аламыз, — деп есептейді депутаттар.

Сонымен қатар, ғылымды қаржыландыру, энергия тасымалдағыштарға бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұзақ арзан несиемен қамтамасыз ету сияқты мәселелерге назар аудару қажет. Бұл шаралар экономиканың ең күрделі салаларының бірін орнынан жылжытуға мүмкіндік береді дейді сенаторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз