Сенатор биологиялық уақыттың бұзылуы халықтың денсаулығы мен көңіл-күйіне теріс әсерін тигізетінін айтты.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысында уақытты бір сағат артқа жылжытуды ұсынды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал қойып сөйлеген сөзінде сенатор атап өткендей, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстары бұрын бір сағаттық белдеуге тиесілі болған. Алайда кейін Қызылорда мен Қостанай облыстарында уақытты бір сағат алға жылжытты, депутат осы жайтқа алаңдаулы.
“Географиялық белдеу бойынша табиғи биологиялық уақыттан ауытқу халықтың денсаулығы мен көңілкүйіне, күнделікті тіршілігіне теріс ықпалын тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ритмін бұзады”, — деді Бақтиярұлы.