Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сенатор бюджет қаржысын толық игермеген Үкіметке сауал жолдады

«Біздің комитет бұл заң жобасын жан-жақты талқылады. Біз қолдаймыз. Барлық өзгерістерге, толықтыруларға дауыс бердік. Менің сұрағым республикалық бюджеттің 9 айына байланысты орындалмауы туралы болып отыр.

Себебі осы уақытқа дейін 47 млрд теңге орындалмай жатыр. Негізгі себептеріне қарасам, ең бірінші – Үкімет қаулыларының ұзақ мерзім келісу мәселесі, екінші – конкурс процедураларының ұзақтығы және де барлық келісімді келісу мәселесінің ұзақтығы.

Сондықтан да осы мәселелердің бәрі сіздердің қолдарыңызда. Жылма-жыл осы себеп неге бізге беріледі? Негізгі себептердің мазмұны да, мағынасы да осы. Егер заң жобаларда уақыттарыңыз дұрыс белгіленбесе, егерде заңды өзгерту керек болмаса, әлде актілерді басқаша жасау керек болса неге жасаланбайды?

Неге жасамайсыңдар? Неге жоспарлау барысына прагматикалық көзқараспен қарамайсыңдар және жоспарламайсыңдар?» – деді сентор Әйтімова.

Ерболат Досаев жыл соңына дейін бюджет қаржысы игерілетінін айтты.
«Бюджеттің шығыс жағына қарағанда жыл сайын төмендемей отырмыз. 47 млрд аз сома емес. Бірақ өткен жылдарға қарағанда 9 айдың ішінде осы жолы Үкімет көп жұмысты өткіздік. Ең маңызды үш сұрақ бар, біріншісі – мемлекеттік сатып алу процедуралары.

Бірнеше аумақта көбінесе трансфертпен берілген ақша конкурстары 2-4 айға дейін өтеді. (…)Келер жылы жағдай жақсарады деп сенеміз. Екіншіден, мемлекеттік сатып алу процедураларынан қалған үнем бар. 12,7 млрд теңгені резервке ауыстырып жатырмыз. Осы жылы үш жылдық бюджетте қағазсыз жобаларды қарамай отырмыз.

Қалған 2,5 айдың ішінде қазір Үкімет отырысында дұрыстап талдадық, әр мемлекеттік органмен, әр әкімшілікпен жұмысты өткізіп отырмыз. Жыл соңына дейін бюджеттің шығыс жағынан ақшаны жеткізу жұмыстары орындалады деп сенемін., – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз