Менің тұрмыс құрғаныма үш жылдай болып калды. 19 жасымда тұрмысқа шыққам. Қызым бар. Кезінде жолдасым мені танымай жатып алып қашты. Бірақ бір-бірімізді бірден жақсы көріп кеттік. Бұл да бір құдайдың берген бір жақсы несібесі шығар деп ойлаймын.
Сол кезден бастап келген жерімнен қатты көңілім қалды. Қазір бөлек тұрамыз. Күйеуіммен бір ажырасып қосылдық. Ол шөп шегетін. Тіпті менің анамның үйінде де ұялмай шегіп, “білсе, біле берсін” деп жүре беретін. Одан кейін ашуланшақ болып қол көтеріп, қаңғып үйге қонбайтынды шығарды. Сөйтіп жүргенде мамам ажыратып алды. “Далада жатқан қызым жоқ” деп.
Одан кейін күйеуім кешірім сұрап жылап, өзі келіп жүрді. Қазір қосылдық. Бірақ әке- шешесі бір келмеді. Жолдасыма “енді келмей ма, бір кешірім сұрасын да” десем, “олар не үшін келеді, мен келдім, болды ғой дейді.
Соңғы кездері қайтадан ұрыс керіс басталды. Қазір менің одан әбден көңілім қалған секілді.
Кейде ажырасып кетсем бе екен деп ойлаймын. Екеуміз тіл табыса алмаймыз. Көп ұрсысамыз.
Негізі босанған соң, қатты толып кеттім. Қазір ұрсыссақ – соны бетіме басады.
Бұл менің қатты намысыма тиеді. Сөйтіп отырып тағы ту дейді. Ал мен одан сайын толып кетем ба, деп қорқамын. Қайын сіңілім де, енем де толық. Сөйтіп отырып “маған толықсың” дейді.
Салмағымды еш азайта алмай жүрмін. Дәрігерлер “горманалдық өзгеріс” дейді. Екінші балалы болғым да келеді. Бәлкім, сонда күйеуімнің сыйластығы арта мен деп ойлаймын. Бір жағынан одан сайын толып кетем ба деп қорқамын.
Ойым шашыраңқы болып отыр. Әлде күйеуімнен күдерімді үзіп, өз күнімді өзім көріп кетейін бе? Ақыл-кеңес беріңіздерші.
https://kaz.365info.kz/tolykhpyn-kyjeuim-zhatpajdy-toseksiz-khansha-shydauym-kerek-265992
Алма, Талдықорған қаласы
alashainasy.kz