Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Семейде зиратқа қатысты үлкен дау шықты

338

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Мұрат саяжайының хақ ортасындағы бейітке 2008 жылы адам жерлеуге болмайды деген тыйым салыныпты. Алайда жергілікті тұрғындар таныс-тамыры барлар жақындарын осында жерлейді деп наразы. Тіпті, оған жер қатынастар бөлімі рұқсат береді екен. Жұрт ескі қорымдағы зират саны жылдан-жылға ұлғайып келе жатқанын айтады. Тіпті маңайындағы үйлерге ондаған метр ғана қалған. Осыдан болар, төрт метр тереңдіктен су шығып тұрған құдықтар борси бастапты.

Бұл мәселені көтеріп жергілікті билікке хат жолдағандар, олардың тарапынан әлде қашан жерлеуге тыйым салынғаны жөнінде жауап алған. Бірақ, жаңа бейіттердің қатары көп. Мысалға, мына қайтыс болған әжейді көмуге жергілікті жер қатынастар бөлімі бір ай бұрын рұқсат берген дейді тұрғындар

“Жер қатынастар бөлімінің басшысы Сейілханов рұқсат беріпті. Ол кісі Бобровка ауылының тұрғыны. Жабылған қорымға қалай келісім бергені түсініксіз. Мұнда қаңғыбас иттер көп. Қабірлерді қазып жүреді. Ертең жұқпалы дерт тарайма деп қорқамыз”, деді Мұрат ауылының тұрғыны.

Ал, әкімдіктегілер рұқсат берушілердің әрекетін түсінбей дал болуда. Себебі, ескі қорымдағы жер телімдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй  инспекциясының баланысында екен. Сондықтан олардың адам жерлеуге рұқсат беруге ешқандай құқы жоқ деп отыр.

“Бізде үш қорымға ғана адам жерлеуге рұқсат берілген. Олар, Павлодар, Алматы және Знаменка тас жолында орналасқан. Ал, бұл жерге көмуге болмайды. Сондықтан жер қатынастар бөлімінің неге сүйеніп келісім бергенін түсіне алмай тұрмыз”, деді Семей қаласының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй  инспекциясы басшысының орынбасары.

Осылайша, жауапты мамандар жабық жатқан қорымға нақты кімнің рұқсат бергенін анықтамақ ниетте. Сондай-ақ, олар дүрліккен жұртты бұдан былай  елді-мекен ішіндегі молаға адам жерленбейтіндігімен сендірді. Айтуларынша, оның төңірегін қоршау үшін қазынадан қаржы қарастыру мәселесін көтермек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз