Бір ай бұрын Семейде жоғалып кеткен 19 жастағы Жансая Сафаева Алматыдан табылды.
Оны табуға жұмыс беруші адам көмектескен деп хабарлады Tengrinews.kz.
“Кеше бізге Алматыдан хабарласты. Бір әйел жоғалып кеткен қыздың оның кафесінде жұмыс істейтінін айтты. Біздің адамдар сол жаққа барды, бірақ қыз жұмыс орнында болмапты. Жалдамалы пәтерінде болған”, – дейді “RINA. KZ-Семей” волонтерлер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.