Әзірге әскерилер азаматтың қаза тапқанын растағанымен, оның аты-жөнін атаудан бас тартып отыр. Белгілісі қаза тапқан сарбаз 44736 әскери бөлімінің механик-жүргізушісі екен.
Тек, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының хабарлауынша, брондалған техника оқу- жаттығудан қайтып келе жатқан екен. Енді, оның аяқ астынан апатқа ұшырауына не себеп болғанын, өздері де түсінбей дал. Алайда, олар арнайы комиссияның тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.