Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Семейде Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіш ашылады

Семейде осы жоба арқылы барлық жоспарланған шаралар жүзеге асатын болды. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіштің ресми ашылуы, екінші мәселе, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ғылыми-тәжірбиелік конференцияның өткізілуі, үшіншісі, Алаш қайраткерлеріне арналған жаңа экспозияциялық көрме залының Абай музейінің бөлімінде салтанатты түрде тұсауы кесілмек.

— Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіштің авторы Бахытбек Мұхамеджанов, – деді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, – жергілікті бюджеттен 31 млн 987 мың теңге бөлінді. Мамыр айында өткізген жиналысымызда балалар саябағы мен Жеңіс сквері арасындағы орын таңдалынып алынған еді. 22 қыркүйек күні Әлихан ескерткішін ашамыз деп отырмыз. Қазір орны дайындалып жатыр.

Сондай-ақ, Абай музейі, Абай кітапханасы да қонақтарды күтіп алуға қамдалып отыр. Қыркүйектің соңына қарай, Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығы, Әсет Найманбаевтың 150 жылдығы және Семей қаласының үш ғасырлық мерейтойы да аталып өтілмек. Осыған орай қала көріктендіріліп, кітап және фотосуреттер көрмесі, концерт алаңдары ұйымдастырылатын болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз