Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Семейде 8,5 млн теңге несие тіркетіп, елді алдап кеткен алаяқ ұсталды

Оңай олжаға кенелуді көздеген жәбірленушілер, тіпті ойланбастан ірі көлемдегі несиені өз аттарына рәсімдеген. Арада уақыт өткеннен кейін ғана олар өздерінің алаяқтың құрбаны болғандарын білген. Себебі, банктен қарызды қайтару жөнінде күн сайын хабарлама келе бастаған.

Тексеру кезінде азаматтың тауарларды нарық бағасынан төмен бағада қайта сатып отырғаны белгілі болды. Ал тұрғындарға әкелген шығын көлемі 8,5 млн теңге.

«Семей қалалық ІІБ-на қала тұрғыны келіп, танысының екі жыл бойы несиесін төлемей жүргенін айтып арызданды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде 37 жасар азамат ұсталды. Ол қаладағы әртүрлі сауда үйлерінен өз таныстарына тауарларды несиеге алғызған. Қазір «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс аяқталып, сотқа жөнелтілді»,-деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз