Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Семей тұрғыны үш айдан бері Қытай түрмесінде қамауда жатыр

42 жастағы Евгений Миронов жүк тасымалымен айналысатын жергілікті компаниялардың бірінде жүргізуші болып істейді.

Туыстарының айтуынша, ол тир мылтығының оғын саяжайдағы қарғаларды қуу үшін Рессейден сатып алыпты.

Алайда отандасымыз Қытайға барарда екі қорап оқты жүк көлігінің ішіндегі қобдишадан алып тастауды ұмытып кеткен. Осылайша, аспан асты елінде тасымалдауға тыйым салынған зат Үрімшідегі полиция қызметкерлерінің көзіне түседі.

Евгенийдің көрші елде қамауға алынғанына қазір 3 ай болыпты. Әйтсе де, туыстары онымен жүзбе-жүз сөйлесе алмай отыр. Тек, Қытай заңына сәйкес үстінен қылмыстық іс қозғалып, жақында сот болатынын еліміздің Сыртқы істер министірігінен естідік дейді.

«Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері күйеуіммен кездесіпті. Олар бізге  Евгенийдің денсаулығы жақсы екенін жеткізді. Басқа ештеңе білмейміз»,-дейді Мироновтың әйелі  Елена Балахнина.

Ал, еліміздің Сыртқы істер министрлігі, бұл жағдайды Қытайдағы елшіліктің толық бақылауға алғанын жеткізді. Өкінішке қарай, аталмыш елде отандасымыздан табылған оқ травматикалық қаруға жатқызылып, заңмен тыйым салынған екен.

Сондықтан әзірге Евгенийдің жағдайы не боларын ешікім дөп басып айта алмай отыр. Ал жанарлары жасқа толған туыстары ол расымен де 10 жылға сотталып кете бара ма деп қорқады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз