«Өте құпия» таңбасы алынған жиырмадан астам құжат жұрт назарына ұсынылды.
Бүгін Елбасы кітапханасында Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына және Конституция күніне арналған 2 көрме ашылды деп хабарлады 24kz.
Онда барған адам 200-ден астам құнды дерекпен таныса алады. Мәселен сынақ алаңының жарылыстан кейінгі ахуалын баяндайтын және Лаврентий Берияның Кеңес одағының деңгейінде атом бомбасын жасау туралы Иосиф Сталинге жазған хатын, сондай-ақ сынақ алаңдарының суреттері мен жарылысты көрген адамдардың пікірлері жазылған құжаттарды кездестіруге болады.
Ядролық бомбаны сынау басталған кезде ашылған «№4 бруцеллезге қарсы диспансер» жайында да мәлімет бар. Басқа атаумен ашылған орталық онкологиялық аруларды жасырын зерттеген екен.
Бейсембай Жұмабеков, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры:
Юрий Стрильчук, ҚР Ұлттық ядролық орталықтың оқу-ақпараттық орталығының жетекшісі:
– Ұлттық ядролық орталық Семей полигонының алаңы таза деген шешімге келді. Қазіргі уақытта 18 300 шақырымның 7 мыңнан астамы зерттелді. Соның қорытындысына сүйене отырып, осы уақытқа дейін жарамсыз деп саналған жерлердің біразын пайдалануға болатынын анықтадық.
Яғни қандай да бір шектеусіз пайдалануға болады. Конститутция күніне арналған көрме еліміздің Ата Заңы қалай қабылданғанын баяндап, тарихи сәтке кімдердің атсалысқаны жайлы сыр шертеді. Тіпті, Елбасының сол кезде құжатқа енгізген түзетулері жазылған парақтар да сөреде тұр. Конституцияны қабылдау жөніндегі Жарлықтың мәтіні түскен қағаз беттерін де осы жерден табасыз. Қазір Президенттің жеке мұрағатында 1995 жылы қабылданған Конституцияның 19 нұсқасы сақталған.