Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Селтанов қысым көрсетіп жатыр». Белсенділер сұмдық мәлімдеме жасады (видео)

200

https://kaz.365info.kz/solaj-eken-goj-balieva-pen-seltanovtyn-arasynda-khandaj-bajlanys-bar-307141

Құрманғазы Мүсір мен заңгер Дінмұхаммед Артықовтың айтуынша, аудан депутаты Сапарәлі Селтановтың ұлы – ОҚО ІІД-де басқарма басшысы екеуіне ауыл ақсақалы арқылы сәлемдеме жолдап жіберген көрінеді.

«Кеше маған ауыл ақсақалы, біздің алыс туысымыз Нұрман Мережепов телефон соғып, Құрманғазы екеумізді кездесуге шақырды. Кездесу кезінде ол бізден аталған істі жауып тастауымызды өтінді. Не үшін олай айтып жатқанын сұрағанымда, “Менің өміріме қауіп төніп тұр” деп жауап берді.

https://kaz.365info.kz/7-zhasar-balanyn-isi-seltanovtar-otbasy-sensatsiyalykh-malimdeme-zhasady-307377

Қандай қауіп десем, “ОҚО Криминалды полиция басқармасының басшысы екі ініңді тоқтатпасаң сені түрмеге отырғызамын деп қорқытты” дейді.

Сонда криминалды полиция басшысы бізді тоқтатсын деп ақсақалға қысым көрсетіп жатыр», – дейді Дінмұхаммед Артықов.

Дәл осындай жағдайдың болғанын Құрманғазы Мүсір де растап, құзырлы органдардан Селтановтың ұлына қатысты заңды шара қолдануды талап етті. Ол өзінің және туыстарының өмірі үшін қауіптенетінін айтып, Бас прокуратурадан өздерін қорғауға алуын да сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз