Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Секстің сондай түрі екен”. Автобуста арттан “қысатын” маньяктар жүр

1572

Кейде бір орындыққа қатар отырып қалған бейтаныс адаммен танысып қаласың. Жаңа дос, жаңа таныс пайда болады. Небір өсекті, жаңалықты да сол жерде естіп қаласың. Қоғамдық көлік деген сол.

Бәрі дұрыс-ау, тек мына бір нәрсе жыныма тиеді. Отыратын орын болмай кейде қысылысып ортада тұрасың. Сондайда кей еркектер әдейілеп денесін тигізіп, қайсыбір жерін үйкелегендей болады.

Денесін әдейі тигізіп тұрғанын сезесің. Ала көзбен бір атасың. Әлгі еркек ыржалаңдап: «кешіріңіз, мыналар қысып бара жатыр», деп кінәні өзгелерге жапқан болады. Онысы өтірік.

Керісінше, денесін тигізіп, әлдебір ләззат алғысы келетіні белгілі. Кейде рас, тер сасыған дөңкиген еркек емес, жап-жас сымбатты, көрікті жігітке денем тисе, өзім де жақсы бір сезім құшағанда боламын. Автобус асықпай жүрсе екен, тығында ұзағырақ тұрсақ екен, деген шәлкес ой менде де болады. Енді пендеміз ғой.

Бірде таңертен жұмысқа бара жатып мынадай жағдай болды. Автобуста адам толы. Алайда бір жасамыс жігіт орын беріп, соған жайғастым. Бірақ орын бергені құрысын, жыныма тигені ғой, әлгінің. Аялдамада адамдар кіріп, сығылысқан сайын әлгі жігіт маған қарай еңкейіп үстіме құлай жаздайды.

Ол да түк емес. Мен отырмын. Ол түрегеп тұр. Басым тура оның «ана жеріне» тиіп кетеді. Оған да сол керек сияқты. Ана дүниесін маған әдейілеп тигізіп, үйкегісі келетін секілді.

Байқаймын, онысы “оянып”, тұрып кеткен. Бір қарыс қатқан бұтақ сияқты автобус шайқалған сайын бетіме тиеді.

Егер де ауын шешіп жіберсе, ана дүниесін аузыма тыға салатын сияқты. Өте ыңғайсыз екен. Шыдай алмай, «Ары тұрыңызшы, мұныңыз не?», дедім. «Ой, жан-жақтан қаумалап қысып бара жатыр. Мен не істеймін енді», деп қарап тұр, әлгі. Жұмыстың жанынан түсетін аялдамаға жеткенше әлгі еркек «ана дүниесін» бетіме бірнеше рет үйкелеп үлгерді.

Жұмысқа келген соң, болған жайды қыздарға айтқанмын. Бірі «ойбай ол ауру шығар, бірдеңесі жұғып кеткен жоқ па?», деді шошытып. Енді бірі «ой, мұндай жағдайды талай басымнан кешірдім.

Ол да секстің бір түрі ғой. Бөтен еркек бөтен әйелдің денесіне денесін тигізіп, ләззат алады.

Әйелдер де солай. Көрікті келген еркек қоғамдық көлікте жолаушылар қысқан кезде байқамай сені құшақтай алса, не болмаса қолы құштарлықты оятатын қайсыбір мүшеңе тиіп кетсе, сезіміңді оятып жіберері анық қой. Тағы бір сол жерімді ұстаса, тағы бір сипалап жіберсе деген рахат ойда тұрасың. Мұны қоғамдық көліктегі шешінбей ләззат алатын секс деуге болады», деді.

«Бүйткен секісі құрсын» деп, қолымды сілтедім. Бәлкім, мұндай жағдайды сіздер де бастан кешкен шығарсыздар. Бөлісіңіздер».

Бұл – Фейсбук парақшасында бір бойжеткеннің жазғаны. Расында, қоғамдық көлікте шешінбей-ақ секс жасайтындар туралы сіз не дейсіз?
https://kaz.365info.kz/yjkelis-zhokh-ajelime-khanagattanbajmyn-khazakh-zhigiti-shyndygyn-ajtty-267953

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз