Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушысын соққыға жығып, ес-түзсіз ауруханадан бірақ шығарған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты тəртіптік кеңестің отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
https://kaz.365info.kz/tilin-shajnap-tastapty-auyl-akimi-mektep-okhushysyn-tepkilep-tastagany-ras-pa-foto-304106
Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «мидың шайқалуы» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді.
8-сынып оқушысы Диас Мұқан ауруханада
Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды.
Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат ХАА тілшісі прокуратура органдарына сауал жолдады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын атап өтті.
https://kaz.365info.kz/kholy-myzdaj-auyl-akimi-sokhkhyga-zhykhkhan-balanyn-anasy-tagy-bir-symdykhtyn-basyn-ashty-304128
Бүгін осы оқиғаға себепкер Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың ісіне қатысты Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
Онда кеңес мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 10-бабының 8-тармағы, 49-бабының 1 тармағы 3, 4, 7 тармақшалары, Әдеп жөніндегі Кодекстің 5-тармағы 2, 7, 13 және 7-тармақтың 1-тармақшасы бойынша айыпталған Қорғалжын ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызметші Жанат Омаровты қызметінен босату туралы бірауыздан шешім шығарды.