Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Саясаттанушы Атамбаевтың неге шала бүлінгенін түсіндіріп берді

Иә, оның іліспеген адамы жоқ. Тіпті, өз замандастарын қорқытып-үркітіп, тіпті, қылмыстық қудалауға дейін барды. Бірақ онысынан түк шықпады. Бәрі теріс айналды. Енді не істейді?.. Ва-банкке барды.

Құласаң, атан түйеден құла деді. Тәуекелге бас тікті. Ел егемендігіне нұқсан келуде дегенді шығарып алды. Қырғыз саясаткерлері сатқын, сырттан қолдаушылары бар олардың деді. Ал соның барлығын басқарып, басында отырған өзін құрбан етіп көрсетуге тырысты. Мұрагері жеңіліп қалса, сөйтейін деді.

https://kaz.365info.kz/balesin-khara-tanymal-zhurnalist-atambaevtyn-eki-ylken-khateligin-ajtyp-saldy-284850

Сайлау өтіп жатқан күні Атамбаев өзінің кейбір қарсыластарын айыптап жатты. Сайлау процесіне бұлайша килігу бұрынғы сайлау науқандарында болған емес. Қарап отырсаңыз, сайлау науқаны кезінде Атамбаев қана қамшыны басып отырды, қарсыластарын айыптады, Қазақстанмен ілігісті, әріптестеріне тікелей қоқан-лоқы көрсетті. Ақыры, ол өз-өзін бұрышқа апарып тықты. Енді ол таңдап алған тақырыбын ары қарай жалғастыра береді, болмаса, маңайындағылар одан өздігінен бойын алыс ұстай бастайды„ – дейді Ерлан Қарин.

https://kaz.365info.kz/otirik-ajtpanyz-ministr-dyjsenova-almazbek-atambaevkha-zhauap-berdi-283833

Оның айтуынша, Қырғыз Республикасы президенті сайлауында кім жеңсе де Қазақстанға бәрібір. Қазақстан ондағы қандай да бір кандидаттарды қолдап, қолтығына су бүркіген емес.

– Ал көп дауысқа ие болған Сооронбай Жээнбековке келер болсақ, одан үлкен бір жетістіктер күтілмейді, ол тек мүдделер тепе-теңдігін сақтап отырса, жарар еді, деседі қырғыздар. Осы жағынан алғанда, ол бұл үмітті ақтай алатын адам деп ойлаймын, – дейді саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз