Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сауль Альварестің бүгінгі жекпе жекке шыққаны үшін қанша ақша алатыны белгілі болды

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Мен осы шараның ең әдемі тұсын айтып берейін. Біз боксшылардың қанша табыс табатыны туралы әлі айтқан жоқпыз. Рay-per-view жүйесі бойынша трансляциялар көп қаражат түсіреді. Жекпе-жекке билеттер 8 күнде сатылып кетті. Ең кемі «Канело» 50 миллион доллар алады. Бір дорба ақшамен қалады», – деп жазады Boxing News 24 Оскар де ла Хойяның сөзін.

Айта кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтті. Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз