Әлемдік деңгейдегі кино жұлдыз Джеки Чан Димаш Құдайбергеннің болашағын болжап, өз ойын айтты.
Мұндайда қазақ: „Аузыңа май, астыңа тай„ десіп, жақсы сөзді жақсы ырымға балап, байғазы беріп жатады. Дуалы ауызды сәуегей адамдарға қазақтар баласын әдейі ертіп апарып, жақсы сөз күтетін ырым бар.
https://kaz.365info.kz/atakhty-akter-dzheki-chan-dimashty-khonakh-etti-foto-249165
“Бірде теледидарды қосып қалып, бір тамаша әншіні көрдім. Ол өзінің ерекше жоғары даусымен ән айтып жатты. Бүкіл жұртты және мені де таңғалдырды.
Сосын оның менің жанкүйерім екенін білдім. Онымен кездескеніме қатты қуандым. Димаш болашақта кинематография саласының үлкен жұлдызы атанады деп сенемін”, – деді актер Астанада қазақстандық БАҚ-тармен өткен кездесуінде.
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды. Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін арнайы келіп отыр.