Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сауап бопты”. Алагөзов қайын жұртынан дүние-мүлкін қайтара алмай жүр

 

Алайда,  “GALANZ bootlers” АҚ акциясының 43,25 пайызының иегері Тұрсынғали Алагөзов Алматыдағы арнайыландырылған ауданаралық экономикалық сотқа (ААЭС)  акционерлердің кезексіз жиналысын заңсыз деп табуды сұрап,акцияларының жартысын бұрынғы әйеліне өз еркімен бергенін жоққа шығарды.

Ол жиналыс Алматыда өткен жылдың 26 -шы желтоқсан күні болған.

«Шағымданушы 2016 жылдың 8-ші желтоқсанынан 2017 жылдың 5-ші қаңтар аралығында шетелде болған және 26-шы желтоқсан күнгі жиналыста өз атынан қатысу құқын ешкімге бермеген» -делінген газетте.

Анықталғандай, Алагөзовтың Қазақстанда болмағаны расталған. Сол себепті оның шағымы қанағаттандырылды.

Компанияның қазіргі басшылары аталған шағыммен келіспейтіндерін жеткізіп, үкімге қайта шағым түсірген.

«GALANZ bootlers» АҚ төрағалары Таужановтардың айтуынша, шетелге кетпес бұрын Алагөзов  акцияларды басқару құқын қызы Әмина Алагөзоваға берген. Ол құжатқа кәсіпкер шағым түсіріп, қарсылық білдірмеген. Оның үстіне акционерлер жиылысы туралы республикалық БАҚ беттерінде жазылған және Тұрсынның оны оқуға мүмкіндігі болған.

Апелляциялы шағымда жиналыс хаттамасына Алагөзовтің өзі қол қойғаны айтылады. Құжатты шетелге Әмина әкелген. Арызында Алагөзов сенімхат бойынша қызының уәкілеттілігін пайдаланғанына қарсылық білдірмейді.

Бірақ шағымды кері қайтарған. Бизнесменнің өтініші бойынша, ААЭС«GALANZ bootlers» акционерлер қоғамына акционерлер мен директорлар кеңесі отырысын өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған.

Алагөзов компанияның қазіргі басшысы Ильдана Қазмамбетованы “акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы мен ресми құжаттарды қолдан жасады” деп айтыптап, Алматы мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметіне шағым түсірген.

Онда қылмыстық іс қозғап, шағымданушының барлық дәлелін тексерген. Бірақ Қазмамбетованың кінәсі табылмағандықтан, сотқа дейінгі тергеу ісі тоқтатылған.

Анықталғандай, сарапшылар 2016 жылдың 26-шы желтоқсанындағы хаттамаға Алагөзовтың өзі қол қойғанын анықтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз