Әнші Төреғали Төреәлі жұбайы Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғанын көрсетті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Ұлы дала баласы Instagram желісіндегі парақшасында Құрбан айт мейрамының орай жазба қалдырып, мұсылмандарды құттықтады.
https://kaz.365info.kz/zhyldyz-kormesin-khajrat-nyrtastyn-seksualdy-khyzben-tysken-videosy-pajda-boldy-video-328506
«Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін», – деп жазды әнші.
Өз кезегінде әнші жұбайы Толқынның видеосын жариялады.
https://kaz.365info.kz/ajelinen-zhasyryp-toregali-tokhaly-bar-ekenin-mojyndap-khaldy-foto-328494
Видеода зәулім үйдің ауласында Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғаны байқалады.
Мұндай көрініске куә болған желі қолданушылары Толқынның қарапайымдылығына тәнті болды. Ал бірі ішек-қарын ұстаған оны көріп, жиіркеніп қалды. „Сасытып, қалай ұстап отыр„„ деп жазды бір кірпияз қыздар.
«Толқын ішек-қарын тазалап отыр ма? Жарайсыз. Төрештің әйелі осындай болуы тиіс. Отбасыңыза бақ-береке тілеймін», «Толқын сондай қарапайым», «Жарайсыз. Қандай адамгершілігі мол адам. Көз тимесін», «Сіз сияқты бақуатты адамдар келініне, әйеліне ішек-қарын тазалатпайды. Бәріне көніп, тазалап отырған Толқынға рахмет айтыңыз. Пейіліне қос ұл берсін», – дейді пікір қалдырушылар.
Сондай-ақ, желі қолданушылары жалаң аяқ жүрген Төрешке аяқ киімін әкеліп беріп, қамқор болып жүрген кішкентай қызының қылығына сүйсінуде.
https://kaz.365info.kz/sheshinuge-khorkhady-balabakhshada-tarbieshisinen-zabir-korgen-yly-zhajly-anasy-bayandap-berdi-328527