Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында жергілікті тұрғынына өзара келіспей қалып, көрші ауылдың тұрғынына оқ атқан. Оқ жарақаты салдарынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болды.
“Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс жасаған күдіктінің кім екені анықталып, оған іздеу жарияланды. Күдіктіні қолға түсіру бағытында шаралар қабылдануда. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде” деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры
Алмас Садубаев.