Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте жел шаңды дауыл болады. Шығыста жекелеген аудандарда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі және үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерінде найзағай, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 25 м/с жетеді, күндіз кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерінде таңертең тұман, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауылмен соғады. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігенде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз