Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Сарқандта кісі өлтіргіш жүр” деген ақпараттың анық-қанығы мәлім болды

Кеше өзеннің жанында әйел мен ер адамды, балаларды да өлтіріп кеткен. Бізге осы жайлы ескертіп және таныстарымызға да айтуды тапсырды»

деген ақпарат таратқан.

Тексеру кезінде ақпаратттың жалған екені анықталды.

«Жедел-іздестіру кезінде жазбаның авторы Сарқан ауданының 28-жастағы тұрғыны екені анықталды. Әйел бұл жалған ақпаратты «WhatsApp» арқылы таратқанын мойындады. Бірақ оған бұл жайлы күйеуі ауызша айтқанын айтып ақталды. Ал жолдасы болса адамдарды аяусыз өлтіріп жатыр деген әңгімені дүкенде тұрып естіп қалған екен. Бір сөзбен айтқанда, бұл ешқандай негізі жоқ даурықпа өсек боп шықты», – деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір шындыққа жанаспайтын қауесетпен тұрғындарды дүрліктірген күдікті әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр. Ал 28 жастағы жергілікті тұрғынға бұлтартпау шарасы қолданылып, қолхатпен жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз