Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сарапшылардың пікірінше коронавирус әлем елдерінің барлығының басына төнеді

703
Сурет: lenta.ru

Соңғы екі айда Covid-19 коронавирустың тарауы жаһандық қауіпке айналды. Оны тоқтау үшін елдер миллиондаған адамдарды оқшаулап, жүріп-тұруына шектеу қойды. Дегенмен әлемнің 29 елінде ауру жұқтырған 81 мың адам тіркелген. Ал бір түннің ішінде Италия, Иран және Оңтүстік Кореяда инфекция жұқтырғандардың саны күрт өсіп кеткен.

Қазірдің өзінде пандемия деп бағалауға болады, алдыңғы аптамен салыстырғанда, ауырғандардың саны артып кетті

«Вирусты тоқтату мүмкіндігіміз шектеліп бара жатыр, ол мүлдем жойылып кетпей тұрып, тезірек қимылдау керек», — деді сенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебреисус.

Денсаулық сақтау саласының басқа мамандары біз қолда бар мүмкіндігімізден айырылып қалдық, аурудың таралуына қатысты соңғы жағдай, вирусты тоқтату мүмкін еместігін дәлеледейді деп есептейді.

Сондықтан шенеуніктер вирустың таралуының алдын алу шаралары нәтиже бермеді деп ашық түрде мойындауы керек дейді.

Пандемия басталды

«Вирус бірнеше елде  тез тараса, оның басқа елдерге тарамауы мүмкін емес », — дейді АҚШ-тың Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының басшысы, Энтони Фаучи CNN-ге берген сұхбатында.

26 ақпандағы жағдай бойынша қытай аумағынан тыс жерде Covid-19 жұқтырған 3100 жағдай тіркелді. Ал осыдан бір апта бұрын 300 науқас туралы ғана сөз болған.

Бірнеше факті ғана тіркелген елдерде аурудың күрт таралып кеткенін байқауға болады. Ауру жұқтыру жағдайларының көбі бұрын ешқашан қытайда болмаған адамдарда тіркеліп отыр. Сондай-ақ кімнен жұққаны да анықталмады. Вирус салыстырмалы түрде жабық орталарға:  круиздік лайнер, түрмелерге түсіп, орман өрті секілді қарқынды түрде тарап кеткен.

«Қазір Covid-19 эпидемиясының өтпелі кезеңінде тұрмыз деп, — жауап берді Джорджтаун университетінде денсаулық сақтау саласындағы құқық профессоры  Лоуренс Гостин VOX-ке берген сұхбатында.

«Covid-19 жақын арада барлық контингенттерге тарайтын пандемияға айналып кетуі мүмкін».

Барлығы соққының астында қалды

Қытай аумағынан тыс жерде ауырғандардың көбі Оңтүстік Кореяға тиесілі, онда 1200 жуық жағдай тіркелген. Ал осыдан он күн бұрын 30 болған. Қазірдің өзінде қаза тапқандардың саны 12 жеткен.

Ел президенті Мун Чжэ-ин Оңтүстік Кореяның жергілікті билігіне вирусты тоқтату  шараларын өз бетімен қабылдауға құқық берілді.

26 ақпандағы жағдай бойынша

Иран 95 ауру жұқтырған жағдай, 15 өлім туралы хабарлады

Ал бұдан бір апта бұрын ресми билік елде коронавирус жоқ және оны болдырмау шаралары қабылданды деп мәлімдеген еді.  Иран азаматтарымен байланысты жұқтыру жағдайлары басқа елдерде, соның ішінде Канада мен Ливанда анықталып отыр. Al Jazeera каналының хабарлауынша, Иранда «алдын алу шаралары» жүргізіліп жатыр. Мектептер, университеттер, кинотеатрлар мен ресторандар жабылды.

Азия аумағынан тыс жерге келетін болсақ, Италияны коронавирус жаулауда. Бірнеше күннің ішінде 325 жұқтыру фактісі, 11 өлім тіркелді. Елдің солтүстігінле науқастардың санының күрт өсуі ел билігін қатаң шаралар қолдауға мәжбүрледі. Спорттық, діни, мәдени шаралар және универсиеттердегі сабақтар тоқтатылды. Билік ауру тараған аудандарға кіруге немесе шығуға тырысқан кез келген адамға айыппұл салады.

Карантин жариялаудың  қателігі

Жапониядағы «Алмаз ханшайым» круиздік кемесінде 3600 адам мен экипаж мүшелері оқшауланды, бүгінде онда 691  жұқтыру фактісі, 4 өлім тіркелді. Бұл Қытай аумағынан тыс жердегі ең үлкен ошақ. Жапон билігі вирусты ұстап тұру үшін ақпанның басында карантин жариялады. Бірақ ол көңіл қуантарлық нәтиже бермеді.

«Жалпы алғанда олар бір топ адамды вирусы бар контейнерге жауып қойды», — дейді Торонто Университетінің эпидемиология профессоры Дэвид Фисман VOX-ке берген сұхбатында.

Яғни қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың пікірінше, лайнерде жарияланған карантин вирус тез жұғатынын дәлелдеді.

18 ақпанда жапон билігінің ресми өкілдері вирусты анықтауда теріс нәтиже берген жолаушыларды жібере бастады. Осыдан бірнеше күн бұрын Малазиялық әйелдің вирус жұқтырғаны анықталды. Нәтижесінде барлық лайнерден шығарылған жолаушыларды іздестіре бастады.

Қытайдан басқа жерлерде аурудың тарауы және Covid-19 туралы ғылыми деркетер жақын арада Қытайда да, әлемнің басқа елдерінде де инфекция қарқынды түрде тарайтынын болжауға себеп болып отыр.

Жақын арада Германияда, Францияда және Ұлыбританияда тіркелген жағдайдар табыс көзі жоғары және қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері мықты елдер вирустың таралуын бақылай алатынын көрсетіп отыр. Қалай болғанда да, бұл осы уақытқа дейін болған жағдай. Бұл елдерде Covid-19 тіркелген кейін, ауру жұқтырғандардың саны артқан жоқ.

Бірақ, үкімет адамдар арасында үрей туғызбас үшін нақты мәліметтерді жасырып отыруы да мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз