Solva ШҚҰ карантин режиміндегі ШОБ-тың болашағы туралы көңіл қуантарлық болжамдар жасады. Қазақстандық кәсіпкерлердің бір бөлігі қазіргі жағдайды алдағы уақытта дамуға қосымша серпін береді деп қабылдауда.
Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы бизнес қандай да бір пайда әкеліп, сондай-ақ карантин талаптарын бұзбауы үшін оны оңтайландыруға тырысып жатқандарын айтқан.
Олардың ішінде
Сауланамаға қатысқандардың барлығы бірдей әлеуметтік желілер арқылы өздерінің бизнесін дамытуды қолға ала бастаған.
Қостанайдағы тіл үйрететін мектептің басшысы Т. Алия:
— Кез келген сынақ бізді шыңдай түседі. Коронавирус пен осы дағдарыстан аман қалсақ, бизнеске ешнәрсе қорқынышты болмайды.
Біз қазақ, ағылшын, итальян және басқа тілдер бойынша бірнеше топқа сабақ өткізетін едік. Сабақтарымыз жеке және топпен өтетін.
Енді барлық сабағымызды онлайн режимде өткіземіз, шындығына келгенде жағдайымыз жаман емес. Білім алушылар да, өзіміз де біртіндеп үйреніп келеміз
ЖК-нің тағы бір белсенді тобы қазіргі жағдайға қарай бизнестерін бейімдей алғандар. Олар сұралғандардың 11,3% -ын құрайды.
Нұр-Сұлтандық кәсіпкер К. Дастан:
— Менің тапсырысқа киім тігетін шағын цехым бар, жаңа әрі сапалы жабдықтарымызды іске асырып, бетперделер мен қорғаныс киімін тігу туралы идея келді.
Үйімде машинка мен барлық қажетті заттар болғандықтан, карантин кезінде балалар мен ересектерге арналған бетперде тіге бастадым
Бір бөлігін көршілеріме, қарт адамдарға тегін тараттым. Сондай-ақ майлықтар, бір реттік сүлгілер мен алжапқыштар тіктім. Бұның барлығы қазіргі жағдайда қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі деп ойлаймын.
Жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі (сұралғандардың 26,2%-ы) өз қызметтерін тоқтатып, карантиннің аяқталуын күте тұру туралы шешім қабылдады.
Ал ЖК-лердің 12,5%-ы бизнесті толығымен жауып, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға мәжбүр болған.
Ең алдымен бұндай шешімді қабылдағандардың қатарында СОСО мен базарлардағы бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатпайтын саудагерлерді айтуға болады. Олар жабылғаннан кейін табыс табудың басқа жолдарын табуға мәжбүр.