Қазақы әндерімен әрі қоңыр үнімен көптің көңілін баураған Нұрболат Абдуллин тыңдарманының көңілін қалдырды. Әнші ұятсыз мәнде бейнебаян түсірді.
“Сен мені тыңда” клипінде ашық кадрлар бар. Сондықтан оны 16 жастан асқандарға ғана көруге рұқсат етілген.
Бейнебаян желісі шытырман оқиғаға толы шетелдік боевиктерге ұқсас. Сапасы да жоғары екені әрі қыруар қаржы жұмсалғаны көрініп тұр. Алайда көрерменнің көңілін табу үшін бұл жеткіліксіз.
«НұрОтан немене?..». Ринат Зайытов рэпті «жіберіп» жатыр (видео)
Тыңдармандарға Нұрболаттың ерсі қылықтарды ашық көрсетіп, экранға шығарғаны ұнамаған.
«Өтірік салам…». Ақылбек Жеменей ұятсыз екенін мойындады (фото)
“Біздің әншілер жақында төсек қатынасын да көрсететін шығар”, “Нұрболаттың әйеліне сабыр, сабыр”, “Өте-өте жиіркенішті, әндерін тыңдағым келмей қалды, жақсы көретін едім”, – деп шамданды тыңдармандар.