Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Самұрық-Қазына мен оның компанияларында 20 түлек тағылымдамадан өтеді

«Бағдарлама бойынша, Қор Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының түлектері арасынан 20 түлекті, атап айтқанда Қазақстан азаматтарын таңдап алып, екі жыл бойы олары өзінің компанияларында оқытып, тағылымдамадан өткізеді», – деп айтып өтті «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова.

Төрт кезеңді конкурс қорытындысы бойынша таңдалып алынған 20 тағылымгер «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде және Мәскеуде Deloitte білім беру орталығында оқу курсынан өтеді. Одан кейін, жас мамандар елдегі жетекші ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Қорда хабарлағандай, оқыту бағдарламасының ұзақтығы – 5 апта, тағылымдама – 20 ай, 5 айдан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әр-түрлі төрт кәсіпорындарында өтеді. Тағылымгерлер тағылымдаманың толық мерзімінде стипендия алады,  тағылымдамадан өтетін жерге дейінгі жолақысы төленеді және орналастыру шығындары өтеледі.

«Жобаның маңызды ерекшелігі – ол студенттерге мансаптарын бастауға көмек беру ғана емес. Біз осы  балаларды таңдап алып және екі жыл бойы оқыта отырып, олардың әрдайым дамый берулері үшін бүкіл қызмет жолдарын, өсулерін бақылап отырамыз, сайып келгенде олар 15-20 жылдан кейін компанияларды басқаратын топ-менеджерлер болып шығады», – деп мәлімдеді Ұлан Тәжібаев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз