Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Салық кодексін қайта қарайтын уақыт келді — оны жеңілдету керек — сарапшы

267
Сурет: ru.sputniknews.kz

Қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетовтің пікірінше, салық салуға қатысты өзгерістер салық салынатын базалар санының артуына ықпал етеді. Бұл жақсы нышан. Бірақ ұсыныстардың басым көпшілігіне қатысты сұрақ туындап отыр. Бастамашылар «қойманы қыру» тәсілін қолданғандай көрінеді.

— Офшорлық юрисдикциядағы аударымдарға жақсы түзетулер енгізілді. Алайда юрисдикциялардың қай тізімі алынып отырғанын білгім келеді. Мәселен, бұл ұлттық компанияларға қолданыла ма?

ҚҚС бойынша есепке алу шегін үш есеге төмендетуды ұсынды. Нақты осы өлшем түзетулерді әзірлеушілердің бизнестің нақты жағдайын түсінбейтінін және теңгенің әлсірегенін назарға алмағанын көрсетеді.

Қазірде ҚҚС бойынша шешімге көп нәрсе тәуелді, онсыз да жағдайы қиын шағын бизнесті құрдымға кетіреміз бе, жоқ па белгілі болады.

Субсидиялар мен қорлардың бірігуі

Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға салық салу ұсынысы түсініксіз. Яғни

мемлекет бір қолымен субсидияға ақша бөледі, ал екінші қолымен  салық салып, қаржының бір бөлігін қайтарып ала ма?

ЕАЭО шегінде кедендік түсімдерді тарату туралы келісімді қайта қарау сөз жоқ дұрыс шара. Бірақ оны Одақ кеңесіне өткізе ала ма, жоқ па, белгісіз.

БЗЖҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ секілді бюджеттен тыс қорларды кезең-кезеңмен біріктіру туралы ұсыныс та күмән тудырады.

Бұнда «экономиканы жинақталған қаржы есебінен қаржыландыру мүмкіндігін арттыру» деген фраза құлаққа түрпідей тиеді

Бұны мемлекеттік инвестицияларды арттырмастан қалай жүзеге асырмақ?

Барлық қорды біріктіріп, бір күзетші қойып қояды ма? Алайда мемлекет бұл шараны қоғамның пікірін білместен бұрын, өзі бастаған жобаларды қаржыландыруға бағыттауы мүмкін.

Дегенмен, бұл соншалықты қайғыратын жағдай емес, барлығы қысқа мерзімге есептелген, дағдарысқа қарсы шара. Яғни

салық түзетулерінің екінші толқынын күту керек

Стратегия тұрғысынан қарайтын болсақ,  аймақтардың дамуын ынталандыру үшін қандай да бір шара қолданғымыз келсе, жергілікті және орталық салықтарды бөлу туралы ойлануымыз керек шығар?

Яғни Салық кодексін жалпылама қайта қарастырып, жеңілдететін уақыт келді. Онда ескертулер мен түрлі номаларға қатысты түсіндірмелер өте көп.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз