Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Салық қызметкерлері ҮЕҰ-ны қудалауды тоқтатты. ҮЕҰ мұнымен келіспейді

Евгений Жовтис, фото acca.media сайтынан алынды

Мемлекет шабуыл жасаған ең танымал ҮЕҰ мыналар:

  • “Еркіндік Қанаты” қоғамдық қоры,
  • “Халықаралық құқықтық бастама»,
  • “MediaNet — Халықаралық журналистика орталығы»,
  • “Құқықтық медиа орталық»,
  • “Эхо” қоғамдық бірлестігі,
  • “Кадір-қасиет»
  • “Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро” (АҚЗСҚХБ).

Әлемдік қоғамдастықтың көзқарасы

Барлық ұйым салық қызметкерлерінің әрекеттеріне шағым түсірді. Сонымен қатар, қазақстандық биліктің іс-әрекеттеріне елімізден тыс өңірлерде де жауап қайтарды.

Мысалы, Extractive Industries Transparency Initiative (EITI) азаматтық қоғам кеңесі “Эхо” қоғамдық бірлестігіндегі мүшесі қудалауға ұшырағаны үшін Қазақстанды сынға алды

ҚР СІМ жанындағы “Адами өлшем жөніндегі пікірталас алаңы” консультативтік-кеңесші органы жиналыс өткізіп, жағдай жоғары деңгейде талқыланды. Шенеуніктер салық қызметкерлерінің үкіметтік емес секторға жасаған шабуылы елдің беделіне нұқсан келтіретінін мойындады.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның басшысы Евгений Жовтис өзінің және басқа да ұйымдарға салық қызметкерлерінің не үшін шабуыл жасағанын егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл салықты төлемеу немесе кірісті жасыруға қатысты шағымдар емес. Бұл өткен жылдардағы есеп беру  кезінде орын алған олқылықтар туралы сөз болды, барлық ҮЕҰ олқылықтарын түзетті.

Ал енді жоғары тұрған мемлекеттік кіріс жөніндегі ұйымдар аудандық қаулылардың күшін жойғаны белгілі болды. Жанжал осымен біткен тәрізді еді. Алайда ҮЕҰ-н істің тоқтатылу негізі қанағаттандырмады — “Маңыздылығы аса төмен болуына байланысты”.

Тәуекелдер мен талаптар

— 4 ақпанда бірінші болып айыппұл салынып, қызметі тоқтатылған үш ұйымға Алматы Мемлекеттік кіріс департаменті өзінен төменгі басқармалардың шешімдерін жойды, – дейді Евгений Жовтис. – Ол құқық бұзушылықтардың маңыздылығы аз болуы жөніндегі істің қаралуын тоқтатты.

Бұл болмашы олқылықтар және ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ деседі.

Біз бұл тұжырыммен келіспейміз. Біздің әрекетімізде ешқандай құқық бұзушылық жоқ және әлі де солай деп санаймыз. Сонымен қатар, құқық бұзушылық оқиғасы мүлде болмаған және мерзімі өтіп кеткен.

— Сіздерде салық қызметкерлерінің бұл тұжырымына сотқа шағымдануға мүмкіндік бар ма?

— Бар. Сот арқылы. Біз солай істедік. Сонымен қатар, 25 қаңтар мен 4 ақпан аралығында сотқа Мемлекеттік кіріс департаменті жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталғаны туралы біздің өтінішімізді қараусыз қалдырғаны туралы бір шағым түсірдік. Біз үшін мерзімнің аяқталған-аяқталмағаны туралы сот шешімі маңызды болды.

Сонымен қатар, 4 ақпаннан кейін біз мемлекеттік кіріс органдарының істі тоқтатудың негізгі тұжырымымен келіспейтіндігімізге қатысты төрт қаулысына шағым түсірдік. Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында екі судьяның қарауында жатыр.

Бұл талап бойынша Медеу аудандық соты шығарған шешім біздің пайдамызға шешілмеді. Қазір біз осы бойынша қалалық сотқа шағымданудамыз.

Істі қарау жалғасуда

— Қалай ойлайсыз, нәтиже қандай болады?

— Екі жағдайда да судьялар процессуалдық заңнама талаптарын сақтай отырып, процесті жауапкершілікпен жүргізеді. Бізге Мемлекеттік кірістер басқармасына сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. Судьялар да көптеген сұрақ қояды. Әзірге, заңды тұрғыдан алғанда, бұл процестердегі біздің ұстанымымыз маған мінсіз болып көрінеді. Бірақ нәтиже қандай болатынын айту қиын.

– Сіздің басқа әріптестеріңіз де айыппұл туралы қаулыға шағымданды ма?

– Иә. Біріншіден, бірден айта кетейін, 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында осындай мәселеге тап болған барлық ұйымдарға қатысты істер тоқтатылды. Қазір ешкімге қарсы іс жүргізіліп жатқан жоқ.

Алматыда тағы екі ұйым және Нұр-Сұлтанда екі ұйым сотқа беруді жалғастыруда

Олардың дәлелдері де біздікіндей – Мемлекеттік кіріс органдарының қандай да бір шешімдерімен келіспейді.

Сыбайлас жемқорлықпен жағдай тұрақтанды

— Жыл басындағы әлемдік қоғамдастықтың ҮЕҰ-ды қудалауға қатысты білдірген көзқарасынан басқа, тағы қандай мәлімдемелер айтылды? Мемлекеттік кірістер департаментінің ҮЕҰ-ға қарсы істерді тоқтату туралы шешімдері ел имидждіне нұқсан келтіру қаупімен байланысты деп ойламайсыз ба?

– Ел имиджіне төнетін қауіпке осындай бағаны Мемлекеттік кірістер департаменттері берді деп ойламаймын. Сірә, бұл жоғары жақтан айтылған сияқты. Себебі Еуропадан басқа Transparency International да маңызды мәлімдемелер жасады. Бұл ұйым сыбайлас жемқорлық индексін белгілейді.

Айтпақшы, 2020 жылғы рейтингте Қазақстанның орны біршама жоғарылаған. Яғни, оған сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жағдай бізде  жақсарған. Осыған орай,

осы беделді ұйымның Қазақстан билігінің азаматтық қоғамды қудалап жатқандығы туралы жақында айтқан мәлімдемесі, әрине, өте маңызды белгі

11 Ақпанда Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы жөніндегі қарары қабылданды. Онда мемлекеттік кірістер органдарының ҮЕҰ-ға шабуылы жайында арнайы атап өтілді. Менің ойымша, осының барлығы жағдайдың шешілуіне әсер етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз