Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Салтанат Әзірбек: Алматыда биыл есірткі заттарын саудалаған 80-нен астам сайтқа тосқауыл қойылды

Жас ұрпақты есірткі заттарынан аулақ ұстау үшін қала әкімінің тапсырысымен «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының қолдауымен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алып отырмыз.

Оқу орындарының барлық санаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы түсіндіру науқаны басталды», -дейді ол.

Сонымен қатар ол, ата-аналар да баласының немен айналысып жүргенін үнемі бақылып отыруға шақырды. Өйткені қазір есірткі саудалаушылар жасөспірімдерді аздаған ақша беріп, есірткі заттарын сатып алушыларға жеткізіп беруге пайдаланады екен.

«Бүгін таңғы бестер шамасында Медеу ауданында «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесе отырып есірткі затын сатып алған азаматты қолға түсірдік.

Ер азамат осындай қылмыс бойынша бұрын жауапкершілікке тартылған болып шықты. Ол 5 мың теңгеге өзіне қажетті есірткі заттарын сатып алған.

Қазіргі таңда осы есірткі затын саудалаған және оны дәл сол орынға апарып тыққан адамдарды анықтау үстіндеміз», -деді ол.

Сондай-ақ ол, технология дамыған сайын есірткі затын саудалаушылар да жаңа тәсілдерге көшкен. Бұрын сатып алушылармен телефон арқылы тікелей байланысып жүрсе, қазір сайттар мен месенджерлер арқылы саудалайтын болған.

«Жыл басынан бері Алматы қаласының полицейлері есірткі заттарын саудалаған 80-нен аса арнайы сайт пен месенджерлерді әшкерелеп, олардың жолын кесті.

Ал жалпы Қазақстан бойынша 1133 сайтқа тосқауыл қойылды», -деді С. Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз