Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
19
USD
425
-0.23
EUR
500
-0.99
RUB
5.75
+0.02

Адамдарға “зейнет жинақтарын” жаппай алу айтарлықтай көмектесті – сарапшы

324
фото inbusiness.kz сайтынан

Кезекті алдамшы құбылыс деп атаған Қазақстанның тұрғын үй секторы адам сенбейтін көрсеткішке жетті. Мысалы, Шымкентте жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі мамыр айында 355,8 мың теңгені құрады. Павлодарда – бір шаршы метр 265 мың. Нұр-Сұлтанда – 400 мыңнан асты. Елдің бірде-бір аймағында бір шаршы метрі 250 мыңнан төмен тұрғын үй жоқ. Және бұл, шамасы, соңы емес.

Risk Takers телеграм-арнасының сарапшылары соңғы 20 тоқсандағы — 2016 жылдың III тоқсанынан 2021 жылдың II тоқсанына дейінгі Қазақстанның екінші деңгейлі нарығындағы бағаның өзгеру динамикасын есептеді. Осы кезеңде арзан баспананың бағасы 2018 жылдың III тоқсанында 184,4 мың теңге болғанын анықтады.

Алайда, ипотекалық несие берудің бірқатар жеңілдетілген бағдарламаларын ұсыну тоқсан сайын пәтер бағасының өсуіне әкелді. 2021 жылы нарықты зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі қыздырды. Risk Takers сарапшылары болжағандай, маусым айында орташа есеппен республика бойынша шаршы метрдің орташа құны 266,2 мың теңгені құрайды, оның 35,4 мыңы — зейнетақы салымдарының үлесі. Жыл соңына қарай бұл сандар әлі де өседі.

Көздегендеріне қол жеткізді

Орынды сұрақ туындайды – мемлекет тұрғын үйді “қол жетімді” ете отырып, нені көздеді? Азаматтардың көпшілігі өздерінің жеке меншік жылжымайтын мүліктеріне қол жеткізуден алшақ болуын ба?

Экономист Петр Своик мемлекет субсидиялайтын құрылыс секторында барлық тұрғын үй сатып алушылар жанама пайда табушылар деп санайды. Яғни, жеңілдіктер құрылыс салушылар мен оларға қызмет көрсететін банктердің мүдделеріне есептелген.

– Петр Владимирович, қалай ойлайсыз, тұрғын үйді қол жетімді етуге бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалардың кері әсер жоқ па?

– Екінші деңгейлі тұрғын үйлердің бағасының өсуін көрсеткен статистика нені білдіреді? Нарықтық заңдар Қазақстанда да бар екенін. Яғни, адамдардың зейнетақы қорынан ақша алу мүмкіндігі пайда болып еді, олар оны бірден шығарып алды. Оларға тұрғын үйге салуға мүмкіндік берілді – олар салды. Сонымен қатар, қаражаттарын жаңа ғимараттарға ғана емес, екінші деңгейлі нарыққа да салуға рұқсат берді.

Сұраныстың өсуіне сәйкес ұсыныс бағасы да өсті. Яғни, нарық қалай жұмыс істеуі қажет болса, тура солай жұмыс атқарды.

Егер БЖЗҚ ақшасын пайдалану жөнінде саяси шешім қабылдаған біздің мамандарымыз және осының бәрін есептеген нақты қаржыгерлер де нарықтық тетіктермен таныс болса, олар мұны ескеруі тиіс еді. Бағалар бастапқы және екінші деңгейлі нарықтарда өсуі керек болатын.

Петр Своик. Дереккөзі — total.kz

Жаңадан не үйрендік? 2020 жылдың бес айымен салыстырғанда бұл өсім 21,8% құрағанын білдік.

– Бастапқы нарықта өсім одан да көп.

– Шын мәнінде, нақты серпінді есептеу үшін зейнетақы жинақтарын алу туралы саяси шешімге дейінгі және ол іске асырылғаннан кейінгі сұраныс пен ұсыныс көлемін білу қажет. Және күтілетін көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру керек. Менің ойымша,

барлық жағдайларда, бағалар өсу керек көрсеткішке дейән өскенін көрсетеді. Мемлекет осы көрсеткішті жоспарлады және оған қол жеткізді деп есептейміз

Қол жетімділікке қатысты айтсақ. БЖЗҚ-ға 10% жарнаны жүйелі түрде төлегендерге шоттарындағы ақша өз ақшалары екендігін үнемі айтып отыратын. Шындығында, ақша ешқашан салымшылардың жинақтары болған емес. Ал қартайғанға дейін, егер жастар туралы айтатын болсақ, бұл ақша соншалықты құнсызданып, салымшылардың ақшасына айналмас еді.

Кім біледі, мемлекет бұл жинақтарды жартылай болса да шығаруға рұқсат берген шығар. Біреулер осы ақшаға бұрын қол жетімді болмаған тұрғын үй сатып алды. Яғни, тұрғын үй қол жетімді бола бастады, және мемлекетке бұл үшін рахмет айту керек пе?

Бизнесті қолдау

— Бұл ақша салымшылардың 7-10%-ына есептелген. Және оны бәрі алған жоқ. Мұндай азғантай пайыз нарықтағы бағаның осылай күрт өсуіне әкелуі мүмкін бе?

– Егер БЖЗҚ-ға қанша ақша салынатынын мұқият қарайтын болсақ, ресми деректер бойынша бүкіл халықтың жартысынан көбі салым жасамайды. Тұрақты жарналар — шамамен 4 млн адам, ал біздің елімізде еңбекке жарамды 10 млн-ға жуық адам бар.

Егер осы 4 млн адамның қанша салым салатынын нақты көретін болсақ, жинақтардың қомақты үлесін олардың шамамен 10%-ы ғана құрайтынын байқаймыз. Қалғанының бәрі шағын немесе тұрақты емес жарналар

Айтпақшы, ақшасын алу талаптарына сай келетін 10%-дың барлығы бірдей өз ақшаларын БЖЗҚ-дан алған жоқ. Есептеулер бойынша, бұл 2,3 трлн теңге болуы тиіс еді, ал іс жүзінде 1 трлн-нан сәл артық қана ақша алды. Осыдан қорытынды жасауға болады: шын мәнінде айтарлықтай жинақтары бар салымшылардың өте аз бөлігі өзінің тұрмыстық мәселелерін баяғыда шешіп алғандықтан, БЖЗҚ-ға барған жоқ.

— Зейнетақы ақшасына қатысты мемлекеттің жомарттығымен елдегі құрылыс қарқынында ортақ ештеңе жоқ па? Шындығында, шалғай аймақтарда да бір шаршы метрі 250 мыңнан арзан тұрғын үй жоқ.

– Біздің елімізде құрылыс – бұл әлеуметтік сала емес, коммерциялық сала. Барлығы жаппай тұрғын үй сұранысын қамтамасыз ету міндеттерінен емес, максималды пайда алу міндеттерінен тұрады.

Неліктен? Себебі біздің экономикада бизнес өте аз. Тіпті өте байсалды адамдар үшін де

Бірінші маңызды бизнес – шикізат экспорты. Ол шетелдіктердің қолында, жергілікті адамдардың ол жерде үлесі өте аз.

Екінші бизнес – сауда, мұнда да белгілі бір адамдар тобы бар .

Үшінші бизнес – құрылыс.

Басқа ірі ештеңе жоқ. Сондықтан барлық үкімет саясаты қазақстандық бизнестің осы үш құрамдас бөлігінің мүдделеріне қызмет көрсетеді.

Жартылай шешім

– Құрылыс саласында субсидиялау туралы ақпарат арасында шығып тұрады. Әсіресе, егер салынған шаршы метрдің бір бөлігі мемлекеттің әлеуметтік қажеттіліктеріне арналған болса.

– Мемлекет субсидиялайтын осы саладағы тұрғын үй сатып алушылардың өздері жанама пайда алушылар болып табылады. Барлық жеңілдіктер солардың пайдасына беріледі және құрылыс салушылар мен банкирлердің өздеріне жасалған жағдай – оларға жұмыс табылады. Осы жерде арзандатылған бір үлес баспана алғандарға беріледі. Бірақ өте аз.

— Яғни, адамдардың ала алған зейнетақы ақшасының аздаған бөлігі құрылыс секторын одан әрі дамыту үшін өзіндік ынталандырушы фактор болды ма?

— Менің өз нұсқам бар, барлығы неден басталды. Менің нұсқамда сіздің сұрағыңыз – екінші түсініктеме. Ал біріншісі – жаңа президенттің жағдайды ушықтырмау және азаматтардың назарын мемлекеттің әлеуметтік саясатына аудару туралы шешімі.

Қазір біз көріп отырған 13 трлн теңге зейнетақы алданышы дәл осылай жинақталған, өйткені еңбек етушілер төлеуге міндетті. Бұл ақша экономикаға салынбайды, сонда ол несие мен инвестицияны қалай қажет етеді.

БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын ақша алу жағдайында пазлдар қажет болғандай құрастырылды деп ойлаймын. Бір жағынан, Президенттің шешімі, екінші жағынан, құрылыс секторының сұраныстың төмендеуіне қатысты шағымдары. Сондықтан жаңа механизм іске қосылды. Рас, кесілген түрде. Ұлттық қордан салымшылардың шоттарына жасалған транштар туралы ұмытты. Зейнетақы қаражатын инфрақұрылымға инвестициялау туралы да ұмытылды. Нәтижесінде таза популистік үлесті айналдырды. Бірақ ол да, көріп отырғанымыздай, тұрғын үй нарығын қыздырды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз