Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Сақалды ер адам әкеп берді…”. Астанада жоғалған зергерлік бұйымдар табылды

 

https://kaz.365info.kz/astanada-kyzetshi-zergerlik-byjymdardy-khokhyskha-lakhtyryp-tastagan-310180

Оның айтуынша, құны 2,5 миллион теңгенің бұйымдарын тауып алған адам мылқау екен.

“Зергерлік бұйымдардың сонда екенін түсіндім. Ол ертең алып келемін деді. Мен бірден үйіне баруды ұсындым. Өзі мылқау, сөйлей алмайды. Қағазға мекен-жайын жазып берді. Біз үйіне барып, бұйымдарды алдық. Сыйақы ретінде 100 мың теңге бердік. Бұйымның барлығы орнында, біреуіне де тиіспепті”, – деді Әмірханов.

Бұған қоса ол екі күн бұрын телефон арқылы күміс бұйымдарды тауып алған азамат туралы ақпарат берген ер азаматқа сыйлық жасамақ ниетте.

“Екі күн бұрын телефон шалып ақпарат берген азаматтың аты – Бекзат. Менде оның нөмірі сақтаулы. Ақшалай сыйлық жасап, алғысымды білдіргім келеді”, – деді дүкен күзетшісі.

Сондай-ақ жігіт енді қоқыс шығармас бұрын тексеріп отыратынын айтты. “Қоқыс шығаруға қорқатын болдым”, – деді ол сөз соңында.

Дерек көз:Tengrinews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз