Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сәкен Майғазиевтің әпкесіндей болып кеткен досы қайтыс болды

1271
Әлеуметтік желідегі сурет

Алтыным-ай! Жаны жайсаң, жанашыр жан, жарқыраған күйіңде жадымызда қаласың, Ұлтуар. Бір үйдің баласындай болып едік. 20 жыл бойы менің шашыма қолының табы тиген әпке-досым. “Басымдағы бес орайды бағындырған сендей шебер шаштаразға ескерткіш қою керек, Оля”, деп қалжыңдаушы ем. 5 жыл жаман аурумен ауырып, соңғы бір жылда төсек тартып жатып қалды. Соған қарамастан мен үшін тұрып қызмет жасайтын. Көңілін көтеріп, қуаттандырып кететінмін. Екі ұлы мен келіндері де: “Аға, сіз келіп кеткен күні көңілі көтеріліп қалады, шашыңыз өспесе де жиі келе беріңізші”, дейтін. Мынау екеуміз сапарлас (соңғы) болған бейне екен. “Оля, 8-9 наурыз Орал, Ақтау қаласында концертім, кеттік менімен бірге”, деп едім балаша қуанып : “Төсекте таңылып шаршадым, кетсек кеттік”, деді. Аяғына әрең тұрып жүрген нәзік жаннан ондай жауап күткен жоқпын. Жүзі жадырап сала берді. Билет алып ұштық та кеттік. Тәуліктеп ұйықтай алмай , тамақ іше алмай жүрген Ұлтуар сол сапарда 2 күн бойы 10-15 сағаттап ұйықтап, тамақ ішіп, көңілі көкке көтеріліп қайтып еді. Бой жазып қайтқан екен ғой алтыным. Жаның жәннәтта шалқысын, жақсы адам”, – деп еске алды әнші желідегі парақшасында.

Әлеуметтік желідегі сурет

Әлеуметтік желідегі сурет

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз