Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сахнада ән айтып тұрған Бақыт Тұрман дирижермен билей жөнелді (видео)

455

“Шынымды айтсам, концерттің кездейсоқ куәсі болдым. Куәсі қылған да, жіпсіз байлаған да осы бір сәт еді: әнші Бақыт Тұрман ( сатирик Қайрат Әділгерейдің зайыбы) Құрманғазы атындағы академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен “Алматының алмасы” әнін орындады.

Дирижер: дәулескер күйші, домбыра шебері Абылай Тілепбергенов. Кенет әнші мен дирижер ән ырғағына тербеліп, сахнада билей жөнелді. Елең еттік. Бәріміз.

“Әдетте, әнші мен дирижердың тапжылмай өнер көрсететініне әбден үйренген көрермен үшін, мен үшін, “шок” болатын!”, – дейді Мейрамбек.

Осылайда “дирижер да билейді екен” деп қатты таңғалған ол халықтың қошеметі де сәйкесінше зор болғанын атап өтті.

“Айнала у-шу, азан-қазан! Көңіліміз көтеріліп қалды кәдімгідей.

“Браво! Қазақ өнері жасасын! Ду қол шапалақ! Енді мен оркестрдің концертінен қалмаймын!”, – деп жатты қасымдағы бейтаныс жандар.

Мен де барып тұруға іштей уәде бердім. Олар әлі де таңғалдырады. Бұл басы ғана. Айтпады демеңіз…”, – деп жазады Таубалдиев.

БОМБА! БОМБА!Айдың-күннің аманында, Алатау баурайындағы 1002 жылдық тарихы бар Алматы кешінде музыкалық "жарылыс" болды. Әрине, ауыспалы мағынада айтып тұрғанымды түсінген шығарсыз. Оркестрлер шеруі бұл жолы бұрынғыдай емес. Жаңаша. Тың. Шынымды айтсам, концерттің кездейсоқ куәсі болдым. Куәсі қылған да, жіпсіз байлаған да осы бір сәт еді: әнші Бақыт Тұрман ( сатирик Қайрат Әділгерейдің зайыбы) Құрманғазы атындағы академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен "Алматының алмасы" әнін орындады. Дирижер: дәулескер күйші, домбыра шебері Абылай Тілепбергенов. Кенет әнші мен дирижер ән ырғағына тербеліп, сахнада билей жөнелді. Елең еттік. Бәріміз. Әдетте, әнші мен дирижердың тапжылмай өнер көрсететініне әбден үйренген көрермен үшін, мен үшін, "шок" болатын! Мәссаған, дирижер да билейді екен! Мұндай да бола ма?!Халықтың қошеметін көрсеңіз ғой! Айнала у-шу, азан-қазан! Көңіліміз көтеріліп қалды кәдімгідей. Браво!Қазақ өнері жасасын! Ду қол шапалақ!Енді мен оркестрдің концертінен қалмаймын! – деп жатты қасымдағы бейтаныс жандар. Мен де барып тұруға іштей уәде бердім. Олар әлі де таңғалдырады. Бұл басы ғана. Айтпады демеңіз…#Almaty1002Бармағандар қызықтан құр қалдыңыздар!https://youtu.be/ojkx2fFRQekДирижер жайында "Гугл" данышпан былай дейді ( сұрағандар үшін):Абылай Тілепбергенов – ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты, "Серпер" жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижеры, халықаралық, республикалық байқаулардың Гран-при иегері, танымал күйші.

Gepostet von Meyrambek Taubaldiev am Mittwoch, 12. September 2018

 

Айта кетерлігі, әнші Бақыт Тұрманмен сахнада билеген Абылай Тілепбергенов – Қазақстан Тұңғыш президенті қорының лауреаты, “Серпер” жастар сыйлығының иегері екен.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижеры боп қызмет атқаратын танымал күйші халықаралық, республикалық байқаулардан талай Гран-при иегері атаныпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз