Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерге Ресей және Беларусь еліне алкоголь өнімдерінен басқа тауарларды экспорттау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Отырыста «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз баяндамасында ЕАЭО елдері, Ресей, Беларусьте қазақстандық алкоголь өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулер бар екенін айтып қалды.
«Абылай Исатайұлы, сіз Ресей, Беларуське экспортталатын алкоголь өнімдері туралы айтып тұрсыз. Бұл туралы ұмыту қажет. Олар біздің экспортқа шектеулерді алып тастамайды. Бізде басқа да жолдар бар ғой. Мысалы, Ресей, Беларусьтің өзінде басқа да бағыттар жеткілікті. Олар үшін бізде жақсы өнімдер бар әрі өндірісте дамып жатыр. Бар күшті соған салу қажет», – деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.