Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сағынтаев алматылық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

189
Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімі мегаполис дәрігерлері мен барлық медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Сіздер таңдаған мамандықтарыңыз бен  Гиппократқа берген анттарыңызға әрқашан адал болып, уақыт сынақтарына лайықты дәрежеде қарсы тұра білдіңіздер. Коронавируспен күрестегі жанқиярлық еңбектеріңіз үшін барлық алматылықтардың атынан алғысымды білдіремін. Денсаулықты нығайту және адам өмірін сақтау ісіне қосқан үлестеріңізді бағалау мүмкін емес», –

деген Сағынтаевтың сөзін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі келтірді.

Әкім Алматы әрдайым көпшілік мойындаған медицинаны дамыту орталығы болғанын атап өтті. Мұнда 30 мыңнан астам медицина қызметкерлері еңбек ететін ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, медициналық білім беру ұйымдары, қалалық, республикалық, ведомстволық, жеке клиникалар шоғырланған.

Жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында кәсіби конкурстар өткізіледі. 2020 жылы  үздік маман байқауы 13 номинация бойынша өткізілді. Үздік дәрігер, медбике секілді дәстүрлі номинацияларға үздік инфекционист, емхананың, жедел жәрдемнің үздік дәрігері, сондай-ақ жүргізуші деген жаңа номинациялар қосылды.

«Бұл сіздердің әрқайсысыңыздың еңбегіңіздің біз  үшін маңызды екенін білдіреді», –

деді Сағынтаев. Сондай-ақ коронавируспен күреске атсалысқан 2 мыңға жуық дәрігердің жанкешті еңбегін атап өтті.

Бес медицина қызметкері қала алдындағы ерекше еңбегі үшін берілетін «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бірқатар медицина қызметкерлері әкім атынан алғыс хаттармен марапатталды.

«Пандемия бізге көп нәрсені үйретті. Біз осы сын-қатерлерді абыроймен жеңе аламыз және алматылықтардың денсаулығын сақтау мен нығайту ісіне әрі қарай қызмет ете аламыз деп сенемін», –

деп атап өтті Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз