Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сағынтаев әкімдерге :қымбат көлік емес өртке қарсы техника алу керек

Оның айтуынша, бұл бағытта облыстарда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен, қажетті деңгейде материалдық-техникалық қамтамасыз ету төмен.

«Біз енді баспасөз беттерінен оқып, көріп отырмыз. Әкімшіліктер қымбат автокөліктерді жылда сатып алынады. Ал мына орман, дала өрттерін сөндіруге байланысты не болмаса тасқын суға қорғаныс жасауға қажетті құрал-жабдыққа келгенде ақша жоқ болып қалады.

Сол себептен өңірлердегі құрметті әріптестер, осы мәселеге баса назар аударыңыздар. Алғашқы кезеңде қажеті материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөлуді сұраймын. Содан соң қалып жатса басқасын да ала жатарсыздар. Өмірзақ Естайұлы (Ауыл шаруашылығы министрі Шөкеев – авт.) сараптама жасау керек. Бақыт Тұрлыханұлы (Қаржы министрі Сұлтанов- авт.) соны бақылауға алу қажет», – деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, ол әкімдіктер мен Ішкі істер министрлігі балаларды сауықтыру лагерлерінің, санаторийлар мен демалыс аймақтарының өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы қажеттігін баса айтты.

«Жақында маусым басталады. Соған дайындығымыз жоғары дәрежеде болуы тиіс. Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орман-дала өрттерін алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз