Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сағадиев қате бұйрық шығарды”. Аманегелді Айталы “орамал дауы” туралы не дейді

144

Францияда алдымен мұсылмандарға білім мекемелерінде хиджаб, басқа да киім киюге тыйым  салынды. Бұл мұсылмандардың қарсылығын туғызды. Үкімет кейбір мешіттерді жапты. Мұсылмандар  намазды көшеде оқитын болды, сонымен бірге,

олар білім мекемелерінде  крест, тағы басқа символикаларға  да тыйым салынсын деп талап қойды.

Жағдайды ұшықтырмау үшін ол символикаларға да тыйым салынды. Ал біз білім мекемелерінде ол символикаларға әлі мән бермей келеміз.

Солтүстік Еуропа мен Америкада ешқандай символдарға тыйым салмайды, олардың этникалық мектептері, дүкендері, тағы басқа орындары бар.

Қасаң қағидалар құрбаны

Біз мұсылман мемлекеті болмасақ та, мұсылман еліміз. Халқымыздың 70 проценттен астамы мұсылмандар. Дегенмен, әсіресе  балиғат жасына толмаған қыз балаларды ерекше киіндіретін ата-аналарды оқшаулап, ал ол  балаларды бөлек оқыту керек дейтіндерді де қолдау қиын.

Бірақ мәселе туды,

оған үлкен бір түсінікпен қарап, себептерін анықтаудың орнына, біз тыйым салуға кірістік.

Министр бұйрық шығарды. Әкімдіктер, білім мекемелері қызу іске кірісіп кетті. Тіпті, ардагерлерді де жұмсап, олар үй аралап ақыл айтқылары келіп еді, ешкім үйлеріне кіргізбеді. Дұрыс болды.

Осындай «белсенді» әрекеттінің астарында кең тараған жаңқсақ психологиялық себептер жатыр. Күнделікті өмірде біз көптеген жалған стереотиптердің ықпалында жүреміз:

гаишник-взяточник, түрмеден шыққан адам тек бұзақы, бір ұлттың өкілі – алқаштар, екіншілері – қу, сараң, қазақ болса, еріншек.

Ал енді ерекше киінетін қыз балалар міндетті түрде дәстүрден тыс діннің ықпалында, олар радикализмге бейім дейді.  Жағымсыз қағидалар надаңдықтан туындайды.

https://kaz.365info.kz/ozim-bilem-zhanaozende-okhushy-khyzdardyn-oramalyna-khatysty-dau-tagy-byrkh-etti-279365

Өкініштісі,

осы қасаң қағидаларды бірқатар педагогтер де, мемлекеттік қызметшілер де ойланбастан қолдайды.

Тәрбиелеу керек

Мектеп біліммен сусындататын, мәдениетке тәрбиелейтін орын, онда жас өспірімдердің өмірге көзқарасы, ұстанымдары қалыптасады. Білім беру мемлекеттің конституциялық міндеті болса, білім алу оқушының конституциялық құқы. Сондықтан

Білім министрлігі орамалға тыйым салмай, білім берумен қатар, тәрбие жұмысы арқылы мектеп оқушыларын ортақ құндылықтарға бейімдеуді ойластыруы керек еді.

Мектептің міндеті балаларды бір-біріне қарсы қою емес, достастыру, біріктіру, түрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға тартып, басқа да жолдармен бауырластыру.  Бірақ бірде-бір педагог балаларға араша түспей отыр, баланы тәрбиелеу-парызымыз демейді. Ол, әрине, оңай жол емес.

Абай айтқан жоқ па еді:

«Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім».

Ұлық болсаң, кішік бол

БАҚ-та Ақтөбеде бір төп әйел – аналар әкімдікке келгендерді туралы хабар болды. Оларды аппарат қызметкерлері қабылдап, тоңған әйелдерге жылы шәй беріп, әңгімелерін тыңдап, пікірлесіп, ойланайық деп шығарып салса, дұрыс болар еді ғой.

https://kaz.365info.kz/byryn-namaz-okhygan-bloger-bajzakhovanyn-otkeni-zhajly-bayandap-berdi-295801

Жоқ, олай болмады. Сондықтан олар барып, мектеп ауаласында намаз оқыды. Ол қарсылықтың белгісі. Осылай өркөкіректік жалғаса берсе, жағдай тек шиелінісе береді. Мемлекет қызметшілері халықтың жалдап алған адамдары, халық төлеген салығының есебінен күн көріп жүргенін білмейтін сияқты.

Өңірде кәрі-жаспен пікірлесетін Ақтөбе облыс әкімі Сапарбаев Бердібек қаңа, басқалары сақау мен саңыраулар сияқты.

2016 жылы бір топ белсенді әйелдер Париждың құдай Ана соборына кіріп, қолындағы таяқтарымен оның қонырауларын ұрып у-шу жасапты.  Күзетшілер әйелдерге күш жұмсаған. Сот собордың мүлкіне зиян келтірмегендіктеп әйелдерді ақтап, күзеттілерді айыпқа тартыпты. Әрине, қоғамда әртүрлі пікір -таластар болғанымен, барлығы да бірте-бірте саябарсып тыныштық орнады.

Біздің әкімдік қызметшілердің бірқатары сталинист-атеистер, өктемдікке, шіренген менмендікке үйренген, кішіреюді, шегінуді білмейді, диалогқа, пікір алмасуға, халықпен сөйлесуге икемсіз.

Жастар, интелегенция өкілдерінен қашық жүреді. Совет заманында да халықтан бұлай оқшаулану болған емес. Сөйте түра, шенеуніктер  арасында өздерін ақтап, жоғары биліктің тапсырмасы деушілер жиі кездеседі.

Сабыр сақтаған жөн

Мен Ақтөбе  облыстық әкімдігінің бір жауапты қызметкерімен әнгімелестім.

«Егер де ешбір қыз бала орамал тартпаса, ешбір жігіт сақал қоймаса, қысқа шалбар кимесе, Ақтөбеде рухани тәрбие мәселесі шешіледі деп есептеуге бола ма?» – деп едім, ойланып қалды.

Дегенмен, мәселе тек орамалда, сақалда емес, себебі тереңірек екені белгілі.

Кейбір ата-аналар, жастар орамал тартатын балаларды, олардың ата-аналарын құптайды.

https://kaz.365info.kz/bar-ymit-nazarbaevta-birakh-ajtaly-khazakhstannyn-demokratiyaly-elge-ajnaluga-ne-kedergi-ekenin-ajtty-249588

Бір әже мынадай уәж айтты:

«Теледидар, интернет жастарды аздырып барады. Баланың болашағынан қорқамыз, қазір 14-15 тегі қыз балалар жүкті болып жатыр, есірткі мен алкогольге, басқа ерсі қылықтарға үйір, ендігі тірегіміз – тек бұрынғы дәстүріміз, басқа арқа сүйер ештеңе жоқ».

«Енді сол рухани тазалықты тек сыртқы киім арқылы тәрбиелеу керек пе?» – десем,

«басқа жолды көре алмай отырмыз», – деді.

Тәрбие жұмысы   мардымсыз дегені болса керек. Рухани жаңғыру деп, өткенімізді жаңартып жатырғанда, ата-баба дәстүрінен бас тартамыз ба? – деген сауалдар бар.

Орамалды қолдайтындар да, орамалдың қарсыластары зайырлылық қағидасына сүйенеді. Мына Татарстанда орамал салуға рұқсат, Шешенстанда орамал салу міндетті, Мордовияда (онда тұратын татарлар көп) тыйым салынған. Барлығы да Конституцияға сүйенеді.

Сондай-ақ сол Францияда крест болмаса, орамал мәдени құндылыққа, сәнге айналды, олардан діни астар іздеу бекер деген ойды қолдаушылар көп. Біз де ойланайық.

Сонымен, орамал салумен күресіп, жағдайды ұшықтырып алу қауіпі жоқ емес. Ел ішінде, бірқатар әлеуметтік топтар арасында іштей қарсылық өспесе, азайып отырған жоқ.

https://kaz.365info.kz/ldardy-ma-ta-any-eshte-eni-de-bildirmejdi-amangeldi-ajtaly-238812

«Сабыр түбі сары алтын» деп, төзімдік танытқанымыз жөн. Бүгін бізге сабырлылық, тағаттылық қымбат, себебі елді түсіністікке икемдейді.

Сопы ойшылдар айтқандай, жүнді жіпке, жіпті көркем кілемге, сазды кірпішке, кірпішті салтанатты сарайға үлкен шеберлікпен айналдыратыны сияқты,

төзімді, байсалды иманды адамдар ғана ұрпақ тәрбиелей алады.

Фото: КЕРЕК.info

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз