Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Саакашвили Украина үкіметін басқаруға ниетті. Шамасы жете ме?

Gali-295x194

Әзімбай Ғали

Қазақстандық танымал саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, бұл текетірестің нәтижесінде олардың біреуі міндетті түрде қызметінен кетеді.

Порошенко жұмсақ саясаткер

– Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Украинаға сәтті реформалар жасаған кезде ғана қаржы береді. Алайда Порошенко жұмсақ саясаткер болғандықтан, елде сәтті реформаларды жүзеге асыра алмай отыр. Ал Яценюк президентке қарағанда, радикалдау, батыл әрі ширақ қимылдайды. Нақтырақ айтсақ, премьер-министр Ресейге қарсы батыл мәлімдемелер жасап жүр.

Алайда халықтың Үкіметке деген наразылығы күн өткен сайын артып келеді. Бір жағынан, АҚШ пен Халықаралық валюта қоры реформаларды кідірткені үшін Яценюкке қысым көрсетуде. Оның үстіне, Яценюктің Үкімет басшысы болғанына Ресей билігі де қарсы, өйткені, ол Минск келісімі қате деген пікірде. Аталған келісімге Порошенко қол қойған болатын, – дейді саясаттанушы.

Бұл жолы Арсений Яценюк Үкімет басшысылығын сақтап қалды. Алайда алдағы уақытта оның премьер-министр болып тұруы екіталай. Яценюктің Ресейге қарсы батыл мәлімдемелері халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта алмайды. Ендеше, Украина үкіметін кім басқаруы мүмкін?

– Оны дөп басып айту қиын. Десек те, Михаил Саакашвилидің премьер-министр болуға мүмкіндігі зор. Өйткені бүгін ол Яценюк пен Аваковты «елде жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқан жоқ» деп айыптауда. Оның үстіне, кезінде Украинада оқыған Саакашвили, аз да болса украин тілін біледі. Қазір ол: «Мен Грузияны басқарған кезде жемқорлықты жойдым. Мені Үкімет басшысы етіп қойыңдар, Украинада да жемқорлыққа тыйым саламын» деп отыр. Оның Украина үкіметін басқаруға мүмкіндігі бар. Өйткені қазіргі таңда ол Одесса облысын жемқорлықтан табысты тазалап жатыр, сөзімен ісінде алшақтық жоқ, ендеше, танымалдығы арту түсуде – дейді қорытынды жасаған Әзімбай Ғали.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз