Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сағынтаев құзырлы орындарға азық-түлік бағаларының заңсыз өсуін болдырмауды тапсырды

101

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бағаның көтерілуіне қатысты мәселені біз қыркүйек айында талқыладық, бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, белгілі бір жұмыстар атқарылған. Асқар Исабекұлы (ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов – АА), нарыққа қатысушылардың сөйлеген сөздерін ескерумен олардың пікірлерін ескеріп, ұсынылған тәсілдерді тағы бір қарастырып, сәйкес шешімдер түрінде ресімдеуге болады.

Бұл жерде Үкімет нарықтық тетіктерді жауып тастайды деген сөз емес. Алайда жоғары бағаның болуына жағдайлар туса, біз қолымызда бар монополияға қарсы заңнама аясындағы құралдарды ескерумен оның жолын кесуіміз керек», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар шара ұсынылды.

Мәселен, бөлшек және көтерме саудада әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті үстеме бағаның көлемін заңды түрде бекіту, сонымен қатар халықтың басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағалардың «ұсынылатын» бағаларға сәйкессіздігін анықтауға белсенді тарту ұсынылды. Сонымен қатар аймақтардағы азық-түлікті тұрақтандыру қорларының қазіргі жұмыс тәртібін жеңілдету ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз