Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Сәкен Майғазиев жүгері жинап жүр

“Сүйейін қолыңнан ұстап, жұмақтың жолын нұсқап… Әжелеріне немерелерін иіскетуге ауылға тарттық. Алла – ұлық. Аман-есен анамызбен қауыштырған Аллаға мақтау болсын. Рахат Рәкең мен Мәкеңдікі болып жатыр. Анама сәлемдеріңізді жеткіздім. Сіздерге батасын беріп жатыр”, – дейді әнші.

14073012_1573482359620299_1145521998_n-2

Сәкен Майғазиев ауылында демалып қана қоймай, туысқандарына жүгері жинауға да көмектескен екен. Алайда жүгеріге аллергиясы болғандықтан бет-аузын орамалмен тұмшалауға мәжбүр болған.

Желі қолданушылары өз кезегінде әншінің қарапайымдылығына таң қалып, оның жазғы демалысын ауылда өткізгеніне оң баға берді.

novyy-kollazh-18

“Сәкен, жүгеріге аллергия болса, ол затты ұстамақ түгіл жақындауға болмайды. Байқаңыз”, “Пісіріп жесең  ғой, шіркін! Дәмі аузыңнан кетпейді. Әсіресе ауылдыкі”, “Мына суретте мультфильмдегі Алдар Көседен аумай қалыпсыз”, “Бала кезіміз есіме түсіп кетті”, “Қалада жүріп қанша атақты болсаңыз да, ата-анаңыз үшін мәңгілік бала болып қаласыз. Сондықтан мықтысыз, Сәкен аға” дейді әлеуметтік желі қолданушылары.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз