Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сүйінші! Қазақ асарлап жинаған ақшаға түсірілген “Қазақ елі” фильмінің тұсауы кесілді

178

Осылайша, алғысын білдірген министр сахна төріне қала басшысын шақырды.

«Кеше ғана Астана қаласында фильмнің тұсауы кесілді. Халық ықыласпен қабыл алды. Мұндай фильмдердің мақсаты – жас ұрпаққа тарихын таныстыру. Бүгінгі мереке құтты болсын, бірліктің арқасында шығып жатқан фильмге бәрімізге құтты болсын. Осы фильмге 200 млн теңгедей ақша бөлген «Базис А» компаниясына алғыс айтамыз», – деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, «Алмас қылыш» фильмі Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру тарихын бейнелейтін фильм. Көркем фильм Қазақстан кинотеатрларында 5-қаңтардан бастап, ал телехикая отандық арналарда көрсетіледі. Киноға 500-ге тарта адам, 100-ге жуық актер жұмылдырылған. Көркем фильмнің режиссері – Рүстем Әбдіраш. Фильм ХV-ғасырдың орта тұсындағы Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайды.

Рүстем Әбдіраш: “Фильмге барлығы 280 млн теңге жұмсалды. «Базис А» компаниясы мен «Фридом финанс» компаниясына үлкен алғысымызды айтамыз. 50 млн теңгедей қаржы жетіспеушілігі бар әлі де. Биылғы жылы фильм тоқтап тұрған кезде Алматы қаласы әкімінің қолдауымен «Базис А» компаниясы 180 млн теңге қаржылай көмек көрсеткенін айта кеткім келіп отыр. Соның арқасында жетістікке жетіп отырмыз. Ендігі жетіспей отырған қаржыны Мәдениет және спорт министрлі бөледі деген үмітіміз бар. Бүгінгі нұсқа прокатқа арналған. Осы кино версияны толықтырып 16-желтоқсанда ұсынамыз, соңынан 10 серия бірден көрсетіледі. Бірақ, бірде-бір телеарнамен әзірге келісім жасасқан жоқпыз. Біреуі келіп, авторлығына біз ие болайық деген жоқ. Ешбірінен сұраныс түскен жоқ. Ұлттық компаниялардың бір де біреуінен көмек болмады. Бұл – ащы шындық. Қарапайым халық 1 млн теңге жинап берді. Әрине, бұл бір актердің жалақысы ғана. Дегенмен, елдің ықыласын айтып өтпей болмайды. 1000 теңге болса да аударғанын көрдік” деген еді алдында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз