Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Рысқалиев ісі: қашқын күдікті құзырлы органға өзі берілді

134

Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, миллондап ақша жымқырғаны үшін айыпталып жатыр деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Кезекті сот отырысы төртінші желтоқсан күні өткен. Бұл жолы сотқа мемлекетаралық іздеуде болған іске қатысы бар күдікті Бауыржан Теміралин келді.

Ол дәл сот залында тұтқындалып, атыраулық тергеу изоляторына тоғытылды.

Болжам бойынша, ол Қызылорда облысында тығылып жүрген.

Басылымның мәлімдеуінше, “BNB Сonstructions” компаниясының басшысы Теміралин қылмыстық топ құрғаны мен ақша жымқырғаны үшін айыпталуда. Бұған дейін оған қатысты сот сырттай түрде жүргізілген.

Бауыржан Теміралиннің қорғаушысы оған қатысты жеке сот үрдісі келер жылдың ақпан айында басталатынын жеткізді.

Оған қоса, адвокат істің сәтті шешілетініне үмітті екенін айтты. Себебі, бұған дейін “BNB Constructions” компаниясының бухгалтерін ақтап шығарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз