Ақмола облысының Степногор қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еңселі ескерткіш орнатылды.
Оның ашылу салтанатына еліміздің танымал тұлғалары, геологтар мен ғалымның ұрпақтары қатысты деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Айта кетейік, ғұлама ғалымға еліміздің бірқатар қаласында және Ресейдің Томбы қаласында да ескерткіш қойылған.
Әлима Жармағамбетова, Қаныш Сатпаевтың немересі:
– Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған және Екібастұз секілді өнеркәсіптік қалалардың барлығын да атамызға ескерткіш орнатылған. Енді, міне, өңірдің бірден-бір өндірістік шаһары саналатын Степногорда да осындай монумент бой көтерді. Бұл бізді қатты қуантады. Еліміздің индустриялық дамуы атамның арманы болатын.